Нартай Дүтбаев қамауға алынды

09.01.2017
Қаралды: 970

Жаңа жыл қарсаңында, 2016-жылдың 28-желтоқсан күні 2001 – 2006-жылдар аралығында еліміздің Ұлттық Қауіпсіздік Комитетін басқарған генерал-лейтенант Нартай Дүтбаев тұтқынға алынып, уақытша қамау абақтысына жабылды. 

Ол кісіге және Нұрлан Хасен, Ерлан Нұртаев есімді азаматтарға мемлекеттік құпияны ашқан және өз лауазымдық құзіретін асыра пайдаланған деген күдік келтіріліп отыр.

Жарияланған мәліметтерге қарағанда, күдіктілер мен олардың туыстарының үйлері тінтіліп, айғақтық заттар тәркіленген, бүгінде сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ