Вакцина қашан дайын болады?

15.04.2020
Қаралды: 759

АҚШ-та коронавирусқа қарсы ВАКЦИНА ең алғаш Сиэтл қаласының тұрғынына жасалыпты. 44 жастағы Дженнифер Аллер: «Бірінші күні аздап дене қызуым көтерілді. Екінші күні қолым ауырды. Одан кейін мұның бәрі басылып, өзімді өте жақсы сезіндім. Бұл әдеттегі тұмауға қарсы вакцина сияқты», - дейді.


Мұның алдында mRNA-1273 вакцинасы жануарларға сыналған болатын. Сынақ бұл сатыдан өтіп, адамдарға тексеріле басталды. Дегенмен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, Cоvid-19-ға қарсы арнайы вакцинасы кемінде бір жылдан кейін дайын болады екен.


Сондай-ақ ДДСҰ коронавирустың өршу шыңы әлі алда екенін де айтады. Қазір Италия, Испанияда аурудың асқынуы басылып келеді. Ұлыбритания мен Түркияда ол, керісінше, әлі де өршу үстінде. Қазір вирус өршуінің 90%-ы АҚШ пен Еуропада тіркеліп отыр. Яғни бұл вирус әлем бойынша толық өршу шыңына жеткен жоқ деген сөз.


Ал Бангкокта вирустың алғаш мәйіттен тірі адамға жұғу оқиғасы тіркелді. Вирусты мәйіттен жұқтырған медициналық сарапшы да көп ұзамай көз жұмған екен.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ