Лимон қосқан ыстық су сізді көп аурудан қорғайды

19.03.2020
Қаралды: 683

Лимон жемісінің денсаулыққа пайдасы туралы аз айтылмайды. Мамандар әсіресе оны ыстық суға қосып ішсе өте дауалы екенін айтады.

 

Ал мұндай суды әзірлеу түк те қиын емес екен. Ыдыстағы ыстық суға лимонның кесілген екі-үш түйірін салсаңыз, болды, дауалы дәрмек дайын. Тек оған қант қоспаңыз. Ал мұндай шипалы суды күнделікті ішіп тұруға болады.

 

Лимон қосылған ыстық судың дауасы жөнінде мамандар былай дейді:

 

- Лимон қосылған ыстық су адам денсаулығын қалыпта ұстап, оның өмірі ұзаруына септігін тигізеді.

- Ол қатерлі ісіктің алдын-алады. Лимон қосылған  суық суда да С дәрумені бар, бірақ оның қатерлі ісіктің алдын-алуда ролі жоқ. Ал лимон қосылған ыстық судың ауыз күйдірер ащы дәмі обыр жасушаларын оңай өлтіреді.

- Мұндай су қатерлі ісіктің өсу қарқынын  қадағалауда да көмекші.

- Бұл судың шипалылығына клиникалық зерттеулер арқылы көз жеткізілген.

- Лимон сығындысы тек қана ауру жасушаларды жояды, оның сау жасушаларға зияны жоқ.

- Лимон шырынындағы өзіндік қышқыл мен полифенолдың жоғары қан қысымын қалпына келтіруде, тереңдегі вена қан тамырларында  қақ тұруының алдын-алуда, қан айналымын жақсартуда, тамырға ұйыған қан тұруын болдыртпауда маңызы зор.

 

Осы орайда есіңізде болсын:

 

- Кешкі тамақты тым кешігіп ішудің жиі орын алуы асқазан қатерлі ісігінің туындау қаупін арттырады.

- Аптасына 4 жұмыртқадан артық жемеңіз.

- Тауықтың майлы сан етін асқа жиі пайдаланудың да асқазан ісігін туындату қаупі жоғары.

- Жемісті тамақтан кейін емес, тамаққа дейін жеген дұрыс.

- Әйелдердің «айлық қонақ» келуі кезінде қою шай немесе кофе ішуіне болмайды.

- Соя сүтін аз ішіңіз. Жалпы, соя сүтіне қант немесе жұмыртқа қосып ішпеңіз.

- Ашқарынға қызанақ жеуге болмайды.

- Өт қабында тас түзілуінің алдын-алу үшін күнделікті таңертең бір стакан су ішіп жүрген пайдалы.

- Кешкі асты ұйқыға жатардан 3 сағат бұрын ішкен абзал.

- Газдалған тәтті суды барынша аз ішуге тырысыңыз. Ондай суда ешқандай да қоректік заттар жоқ, есесіне ол гипертония мен диабет туындауына себеп болуы мүмкін.

- Ыстық нан жемеңіз.

- Қалта телефонын немесе басқадай құрылғыны қуаттандырған кезде оны өзіңізге жақын қоймаңыз.

- Несеп қабы қатерлі ісігінің алдын-алу үшін күндігіне 10 стакан су ішіп тұрыңыз.

- Суды күндіз көбірек, түнде аз ішіңіз.

- Кофені тәулігіне екі кеседен артық ішпеңіз, өйткені ол ұйқысыздық пен асқазан ауруына себепкер болуы мүмкін.

- Майлы тағамды аз ішіңіз. Өйткені ондай тағамды қорыту 5-7 сағатқа созылады, сіз осынша уақыт өзіңізді жайсыз, шаршаңқы сезінетін боласыз.

- Кешкі сағат 5-тен кейін тамақ ішпеуге тырысыңыз.

- Мына азықтар туралы біліңіз, олар сізді сау әрі бақытты етеді: банан, грейфрут, толық тартылып-өңделмеген бидай ұнынан пісірілген нан, асқабақ, шабдалы, асжапырақ  (шпинат).

- Күнделікті 8 сағаттан кем ұйқы ми жұмысын нашарлатады. Ал күннің екінші жартысында аз уақыт көз шырымын алсаңыз, ол сізді сергітеді, балғын өң беріп, жастық кезеңнің ұзаруына септігін тигізеді.

- Шикі қызанақтан гөрі асқа арнап дайындалған қызанақ пайдалы, оның шипалық қасиеті бар.

...Міне, қарапайым ғана осы кеңестерді сіз де біліңіз және бұл жөнінде жұртқа айта жүріңіз.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ