Ауруды алты күнде ұмыттыратынын айтады

01.11.2019
Қаралды: 496

Бұл медицинадағы соңғы жаңалықтардың бірі саналады, өте тиімді ем түріне жатады. Бір уақытта бүкіл ағзаны сауықтыратын бұл ем «Озон терапиясы» деп аталады. Бүгінге дейін ол бай-бағландар немесе мүмкіндігі жоғары адамдар ғана қол жеткізетін қымбат терапия болып келді. Белгілі тамыршы, білікті дәрігер Сабыр Сейітқанұлының арқасында енді осы озон терапиясы қарапайым халыққа да қолжетімді болып отыр.

 

Озон терапиясының ерекшелігі неде? Тиімділігі мен нәтижесі қандай? Біз мұны дәрігерден сұраған едік.

 

«Бұл – Қазақстанға жаңадан келген терапия. Қанды жасуша деңгейінде тазалап шығатын ем. Мен мұны өткен шілде айында Хайнаньда оқып келдім. Іске қосқаныма көп болған жоқ. Соның өзінде медицинада мүмкін емес деген таңқалатын нәтижеге қол жеткіздім. Алдымен осы жөнінде айтайын.

 

Паркинсон ауруы деген бар. Медицинада емі жоқ делінеді. Онымен ауырған адам аяқ-қолы қалтырап, өзіне бағынбай, үнемі селкілдеп жүреді. Озон терапиясы қондырғысын елге әкелгеннен кейін Паркинсонмен ауыратын екі адамды емдеп көрдім. Нәтижесі өте керемет! Екеуі де жастары алпыстың үстіне шыққан, қол селкілдеуінен өздігінен қасық ұстап, ас іше алмайтын еді. Төртінші күні селкілі басылып, асты өздері ішетін болды. Ал, жалпы, озон терапиясы өте көптеген ауруларға ем. Өйткені ол жасушаларды жаңартады», – деді ол кісі.

 

Сосын біз оған өзімізді қызықтыр­ған сұрақтарды қоя бастадық.

 

– Нақты қандай диагноздар екеніне тоқталыңызшы.

 

– Оны тізбектеп тауысу мүмкін емес. Өйткені ол бүкіл ағзаны сауықтыратын терапия. Қант диабетімен ауыратын адамдарда аяқта үнемі асқынулар болады. Соны лезде орнына келтіреді. Аяғы шіри бастаған жағдайдың өзінде тез жазылуына жол ашады. Бір жұманың ішінде орнына кел­тіреді.

 

Озонның көмегімен буын ауруларының барлық түрінен дәрісіз айығуға болады.

 

Еркектің жыныстық ауруларының барлық түрі, аденома, простата  ас­қынуларын емдей отырып, еркектік қуатты да қалпына келтіреді. Жет­пістегі қарттың еркектік қуатын отыз екідегі жігіттікімен тең етеді. Әйелдерге де шипасы шаш-етектен. Түрлі суықтау, қабынуларды былай қойғанда, жатыр түтікшесі бітеліп, ота жасату керек дегендердің өзін алты күнде сауықтырып шығарады. Балалы болу мүмкіндігін арттырады.

 

Жүрек ауруларына өте пайдалы. Инсульттің ишемиялық түріне күшті көмектеседі. Қан қысымы, бас сақинасы, бұлшық ет, буын, сіңір проблемалары, ревматикалық аурулар, аллергиялық демікпе, тыныс және асқазан-ішек жолдары аурулары, бауыр аурулары (оның ішінде гепатит те бар), қан тамырлары бітеліп қалуын қалпына келтіреді.

 

Созылмалы шаршау синдромын жоя­ды. Тіпті артық салмаққа, қартаюға қарсы әсері бар. Онкологиялық аурулардың да жазылуын тездетеді. Иммундық жүйені нығайтады. Зат алмасуын реттейді, тездетеді. Ағзаны токсиндерден тазартады. Ұмытшақтық, Альцгеймер ауруында да нәти­жесі мол.

 

– Ал қандай ауруларға қолдануға болмайды?

 

– Озон терапиясын жүкті әйелдерге, геморрагиялық инсульт, инфарктпен ауырған адамдарға қолдануға болмайды. 16 жасқа дейінгі балаларға да қолданылмайды. Басқа жағдайдың бәрінде адамның жағдайына қарай белгілі тәртіппен, тиісті мөлшерде жүр­гізіледі.

 

– Ем қалай жасалады? Толы­ғырақ түсіндірсеңіз...

 

– Бұл жерде ешқандай дәрі-дәрмек болмайды. Жаңбырдан кейінгі ауаны озон дейді. Ем осы озон арқылы жүргізіледі. Бұл – арнайы қондырғы. Сол арқылы науқас қаны белгілі мөл­шерде алынып, озонмен ба­йытылады. Қан құрамына 150 грамдай озон енгізіледі. Сонда қара-қошқыл болып тұрған қан көз алдыңызда алқызыл түске енеді. Қан осылай барынша тазаланады. Қайтадан өзіңізге құйылады.

 

Мұның барлығы арнайы құрылғымен, маманның бақылауымен жасалады. Процедура 30-35 минут уақытты алады. Осы жарты сағаттың ішінде адамдар жеңілдік сезініп, көңіл-күйі көтеріліп сала береді. Бір сағатта реңі жақсарып, көзі нұрланып шыға келеді. Бұл алғашқы әсер ғана. Ал ары қарай ем жасушаларды жаңарту арқылы ағзада жалғаса береді. Яғни озон тера­пиясы қанды тазартып, жасушаларды жаңартады. Зиянсыз, жылдам, тиімді әсер ететін соңғы терапия түрі деуге болады.

 

Мұны еврейлер шығарған. Бұл терапия Алматыдағы министрліктің гос­пи­­та­лінде ғана бар. Онда кімдер емде­летіні белгілі. Яғни қарапайым халықтың қолы жетпейді деген сөз. Қателеспесем, онда емнің бір күндік ақысы – 15 мың теңге.

 

– Ал сіздегі баға қандай? Ем курсы қанша күн?

 

– Мендегі баға – күндігіне 6 мың теңге. Өйткені оның контейнері қымбат. Соның өзінде елдегі бағадан екі жарым есе арзан.

 

Негізі озон терапиясын он күн ал­ған дұрыс. Дегенмен ол 6 күн ішінде толық нәтиже береді. Алты күнде бар аурудан азат болып, толық сауығу дегеніңіз керемет емес пе? Егер бір жылдың ішінде он күннен үш рет қайталайтын болса, адам бүкіл ауруынан айығып, сап-сау қалпына келеді. Ағзасы да, реңі де, терісі де жасарады. Өйткені қаны тазарып, жасушалары жаңарады. Озон терапиясының осы ерекшелігіне қызықтым. Бізде әр ауруды кемі он күннен бір айға дейін жекелеп, ағзаны улайтын дәрі-дәрмекпен емдейді емес пе? Кейін ол ауруы тағы қайталанып жатады. Озон терапиясымен мұндай болмайды. Оны сонау Хайнаньға барып, оқып келуіме осы жай себеп.

 

...Сабыр Сейітқанұлы бізге озон терапиясының бұдан басқа да тиімді тұстарын, аз күнде қол жеткізген нәтижелер жайлы айтып берді. Естіген жай шынында да ғажап. Бұл дәрігердің өзі де тамыр ұстағанда бүкіл ағза тынысын тап басатын білгірлігімен талайды таң­қалдырған жан екенін білеміз. Ол диагноз қойғанда «УЗИ» немесе «МРТ» сынды медициналық қорытынды сұрап әуре етпейді. Саусақтарын білекке апарғаннан көздерін жұмып, бір сәтке үнсіз қалатын ол сәлден кейін бастан бастап табанға дейінгі бойыңыздағы бүткіл дертті тізбектеп шығады. Тіпті асқазандағы жараның оң не сол жақ бетте екенін, оның көлемі мен қашан пайда болғанын да айтып бере­ді. Қай тұста қандай тамыр қысылғанын, қазір білін­бегенімен, оның зардабы қашан сезі­летінін, кейін қандай ауруға себеп болатынын айтады. Қандай да бір ота жасатқан болсаңыз, оны да біліп қояды. Осы қасиетімен ол шетелдік әріп­тестерін де таңдай қақтырып жүр.

 

Сабыр Сейітқанұлы – жоғары білім­ді дәрігер әрі Шығыс медицинасының білгірі. Ол үнемі ізденіс үстінде жүре­ді. Елде жоғары медициналық уни­верси­тетті бітіргеннен кейін біраз жыл осы салада жұмыс істеген. Одан кейін ине терапиясының негізін салушылардың бірі – Мао Цзының туған жері Шанша қаласында 4 жыл оқыған. Хуань провинциясындағы Қытай дәстүрлі медицина университетін тәмамдаған. Оның диагноз қою мен ине салу шебер­лігіне қытай дәрігерлерінің өзі тәнті болғанынан хабардармыз. Семей қаласындағы «Сабыр» емдеу орталығына жазылуына күмәнмен қарай келіп, күле шыққан адамдарды да көрдік. Міне, Сабыр Сейітқанұлы осындай жан.

 

Бұл мақалада біз ешкімді насихаттап отырған жоқпыз. Мақсатымыз – осындай терапия түрі бар екенінен құлағдар ету. Дегенмен озон терапиясы жөнінде сұрақтарыңыз босла, Сабыр Сейітқанұлына 8-702-615-54-86 нөмірлі телефоны арқылы хабарласа аласыздар.

 

Р. САҒАТҚЫЗЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ