Қазақтың емін қайта жаңғыртқан «Qazaq med»

06.03.2019
Қаралды: 5948

Алматы қаласында қазақтың көне емін қайта жаңғыртқан орталық бар. «Qazaq med» деп аталатын медициналық орталық мамандары түрлі ауруларға қарсы емдік өсімдіктерден дәрі дайындайды. Өткен аптада біз Қазақ, Шығыс халық емі тәсілдерін дәстүрлі медицинамен байланыстыратын орталыққа арнайы барып, бас дәрігер Айнұр Жаңғазы (суретте) сұхбаттасқан болатынбыз.

 

– «Qazaq med» медициналық орталығы қай уақыттан бері жұмыс істеп келеді?

 

– «Qazaq med» орталығының ашылғанына 2 жыл болды. Дәлірек айтсақ, біз 2017-жылдың жетінші қаңтарынан бастап жұмыс істеп келеміз. Рас, ашылғанымызға көп бола қойған жоқ. Дегенмен нәтижелі ем жасаудың арқасында клиникамыз көпшілікке мәлім. Біздің алға қойған мақсатымыз да осы – нәтижелі ем жасау болатын. Оған қол жеткізген сияқтымыз. Адамдар бізді басқа қалалардан да іздеп келіп жатады. Шипасын тауып, алғыс білдіріп жатқандар көп.

 

Ем барысында бізде әр түрлі әдістер қолданылады. Соған байланысты өз ісін жетік меңгерген 45 маман жұмыс істейді. Кардиолог, уролог, гинеколог, дерматолог секілді білікті мамандарымыз бар.

 

– Қандай ауруларға ем жа­сайсыздар? Емдеу тәсіл­деріңіз туралы да айта кетіңізші.

 

– Науқастың жағдайына қарай дәстүрлі медицина ем-шаралары қолданылады. Дегенмен бүкіл ағзаны сауықтыру мақсатында ежелден келе жатқан, яғни қазақтың халық емі тәсіл­деріне басымдық береміз. Сосын өзім білім алып, тәжірибе жинаған, әрі тиімділігі жоғары саналатын Шығыс емін назардан қалдырмаймын. Оның ішінде ең жиі қолданылатыны ине салу, массаж жасау, табиғи дәрілік шөптерді пайдалану және отпен емдеу. Бұл әдіс емделушілерге бедеуліктен, бел ауруларынан айығуға жақсы көмектеседі. Тұмау, суықтау, жыныстық аурулар, асқазан, тік ішек, қант диабеті, әйелдер ауруы, қан қысымы, простатит, бауыр, бүйрек ауруларын да емдейміз. Тек 10 жасқа дейінгі балаларды қабылдамаймыз. Себебі біздегі ем-шаралар жас бала ағзасына ауырлық етіп, кері әсерін беруі мүмкін.

 

– Ал диагнозды қалай анықтайсыздар? Емделушілер тексеруден өтіп, медициналық қорытындысын әкелуі керек пе?

 

– Ол шарт емес. Біз ауруды тамыр ұстау арқылы анықтап, табиғи жолмен диагноз қоямыз. Бұл Шығыс медицинасында мойын­дал­ған, дәлелденген әдіс. Адамның тамыр соғысынан ішкі ағзадағы барлық қалыпсыздықты тура анықтауға мүмкіндік бар. Әрі ол көп уақытты алмайды. Сондықтан осы тиімді әдісті дұрыс көреміз. Бізге тек жеке бас құжатымен келсе жеткілікті. Қажет жағдайда өзіміздің шетелден әкелген соңғы үлгідегі ультрадыбыстық сканерлеу қондырғысын қолданамыз.

 

Ал емдеу ұзақтығы, әрине, науқастың жағдайына, ағзасының емді дұрыс қабылдауына байланысты. Тұмау, суықтау, қабыну сынды аурулар үшін 5 күн жеткілікті. Ал бедеулік диагнозы қо­йылғандардың бала көтеруі, инсульттан кейінгі оңалу сияқты ұзақ емделуді қажет ететін жағдайда ем ұзақтығы 10 күнді қамтиды. Дәрілік өсімдіктерден өзіміз дайындайтын шөп-дәрілерді үзіліс жасай отырып, бір ай қабылдауға болады. Мұның бәрін келушіге тәптіштеп түсіндіреміз.

 

– Ал емдеу ақысы қанша? Қымбат емес пе?

 

– Жоқ, қымбат емес. Біз ем арқылы табыс табуды емес, халықтың денсаулығын жақсартуды мақсат еттік. Сондықтан халықтың қалтасы көтермейтін баға талап етпейміз. Емделу барысына қарай жеңілдіктер де болады. Зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жетімдерге 30%-дық жеңілдіктер қарастырылған.

 

– Алыс қалалардан келетіндер бар дедіңіз. Оларға жатын орын қарастырылған ба?

 

– Біздің емделушілердің 60%-ы шал­ғай аудан мен ауыл тұрғындары. Әрине, бұл жағдайды назардан тыс қалдырмаймыз. Келушілерге барлық жағдай жасал­ған. Біз оларды арнайы қонақ үйге орналастырамыз. Оларға шөп дәрілерді жеткізу, медбикелердің көмегі, барлығы алдын-ала қарастырылған.

 

Жақында Шымкент қаласында филиалымызды аштық. Яғни күнгей жұрты бұдан былай алысқа сабылмай, жақын жерде ем ала алады. Ол жақта да тап осындай жағдай жасалған, дәрігерлердің біліктілігі де тап осындай. Енді еліміздің бас қаласы – Астанада да бір бөлімімізді ашуды жоспарлап отырмыз.

 

– Екі жыл ішінде есте қалған ерекше бір оқиғаны айтып беріңізші. Асқынған диагнозбен келіп, толығымен жазылып кеткен науқастар бар ма?

 

– Ондай жағдай жиі болып тұрады. Уайымға батып, жазылудан күдер үзіп келген жандардың қуанғанын көргенде өзіміз де бір белесті бағындырғандай, жеңіске жеткендей шаттанамыз.

 

Бізді бүкіл командамызбен қуанышқа бөлеген, естен кетпейтін бір оқиға қатерлі ісік диагнозы қойылған науқастың құлан-таза жазылуы еді. Өзіңіз білесіз, бұл өте ауыр дерт. Ол науқас бізге Түркістан облысынан келді. Екі ай ем алды. Жоғарыда аталған ем курстарынан бөлек, өзіміз әзірлейтін шөп дәрілерге басымдық бердік. Біраз күн ем алған соң ағзасында оң өзгерістер байқала бастады. Бұл жағдай әлгі азаматтың жазылуға деген үмітін оятса, біздің жігерімізді жаныды.  Нәтижесінде біраз уақыттан соң қатерлі аурудан айығып, бізге алғысы шексіз екенін айтып кетті.

 

Маржан есімді емделішіміз болды. Бүйрек жұмысының бұзылуынан зардап шегеді екен. Ол да екі ай көлемінде сауығып шықты.

 

Біз шөп дәрілерді әрбір пациенттің ағза ерекшелігіне қарай жеке, арнайы әзірлейміз. Ол дәрілерді даярлауда тек қана қазақстандық өсімдіктерді, өзіміз­дің елдің шикізатын пайдаланамыз. Даярлау барысы ұзақ уақытты талап ет­пейді.

 

– Өзіңіз жайлы да айтып өтіңізші.

 

– Менің медицина саласында еңбек етіп жүргеніме 30 жыл болды. Бұған дейін 22 жыл Қытайда осы салада жұмыс жасадым. Терапевт әрі гинекологпын. Яғни бас дәрігер ғана емес, келушілерді осы бағыт бойынша емдеуші дәрігердің бірімін.

 

– Уақыт бөлгеніңізге рахмет. Қуанышты жеңістеріңіз көп болсын!

 

Сұхбаттасқан – Мунира ӘМІРОВА.

Алматы қаласы.

Редакциядан: «Qazaq-med» емдеу орталығының байланыс нөмірі – 8-747-521-80-24, 8-702-498-86-02.

 

Пікір қалдыру

1000 символ