Әрі азық, әрі шипа

30.01.2019
Қаралды: 952

Біз өзі қыста соғымды сүйсіне жейтін халықпыз. Десек те етті біреулер қиын қорытады, кейбіреуге ет жеуге болмайтын кездер бар. Сондықтан өзім білетін мына мәліметті көпшілікпен бөліспекпін.

 

Қазақ емшілері ұзақ уақыт асқазан дертімен сырқаттан­ған адамға жас малдың етін сүтке пісіріп бе­ретін болған. Ол асқазанға күш тү­сір­мейді, тез қо­ры­ты­ла­ды,  әрі қоректік зат­тар­ға өте бай бол­ғандықтан адам­ға күш­­-қуат береді. Жа­сы 40-тан асқан жандар, әсіресе әйелдер мұны аптасына немесе айына бір рет жасап жесе тіпті жақсы. Себебі ол ағзаны кальциймен байытады.

 

Қойдың еті жылу мен әл-ауқатты арттырады, денедегі жел­­ді басады. Тәбет­ті арттырады.

 

Ешкінің еті оған қарағанда ауыр.

 

Сиырдың еті майлы, желдің қызуын қайтарады. Қорытылуы қиын, қызулы келеді, ісік кезінде жақсы, ас­қазан, бүй­ректен, бел мен бастан ұстаған суықты шығарады.

 

Жылқының еті ірің­ді тоқтатады. Бүйрек пен белді желден тазартады.

 

Тауықтың еті жарақат алған кезде пайдалы.

 

Ал балық асқазан ау­руларына ем. Көзге пайдалы, ірің мен жалқыншақты тияды.

 

Естеріңізде болсын,  жануарлардың аталықтарының кеуде жағының еті, ал аналықтарының бөксе жақ еті, буаздарының бар еті ауыр болады. Малда аналықтардың, ал құс­тар­да аталықтардың еті жеңіл.

 

Жануарлардағы жұ­лын мен іш май дәмді ке­леді, ол ішкі ағзаны жұм­сартады. Әлсіреген, шаршаған, қуа­ты мен қаны әлсіз қарттар мен балаларға іште­рін тазартуға, желді шығаруға пайдалы. Сүр майдың да шипасы бар. Ол ақылынан адасқан, есінен айрыл­ған, есі­нен танған адамдарға көмек­тесе­ді, жарақаттың жазы­луы­на жақсы. Ал шыж­ғырылған май ойды өт­кірлейді, зейінді арт­тырады. Жылу мен күш-қуат бе­реді. Өмір­ді ұзарта­ды. Сүйектің майы желді қуып, адамды қуат­тан­дырады. 

 

Іш майдың да пайдасы бар: буындардың сырқатын, күйікті жазады, құлақ, бас, жатыр сырқаттарынан арылтады. Сондықтан ан­да-санда ағза жағдайына қарай май жеп тұрған да дұрыс. Сонда адамның ішкі қызуы артып, ағзасы тазарып, дене күші кемімей, сергек жүреді, қартайғанда да сер­гек­тігін жоғалтпайды. Сондықтан етті ас ретінде ғана емес, шипа үшін де қабылдаған жақсы.

 

Қабыл ӘРЕКЕТОВ.

Жезқазған қаласы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ