Вирустан қорғанудың жолын біліңіз

21.01.2019
Қаралды: 162

Қыс мезгілінде белең алатын жедел респираторлы жұқпалы вирустың (ЖРЖВ) қаңтарда күшіне мінетіні белгілі. Бұл ауруды көп адам суықтау деп санайды, адамнан адамға жұқпайды деп ойлайды. Ал мамандар ЖРЖВ-ның да тұмау сияқты ауа арқылы таралатынын, жұғатынын, тіпті оның 300-ге тарта түрі барын айтады. Асқындырып алған жағдайда одан айығу қиындай түспек. Сондықтан бұл жұқпаның алғаш­қы белгілері біліне бастағаннан тиісті ем-дом жасау керек.

 

 

Ең алдымен үйіңіздегі дәрі қорапшасында вирусқа қарсы соққы беретін «Анаферон» дәрісінің болғаны жөн. Көз жасаурап, тамақ жыбырлап, мұрыннан су кете бастаса, дене қалшылдап тоңғанда осы дәріні қабылдаған дұрыс. «Анаферон» иммунитеттің респираторлы вирус­қа қарсы күресін күшейтетін дәрі. Дегенмен қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.

 

Екіншіден, С витаминін көбірек қабылдауға тырысыңыз. Бұл витамин адамның тәбетін ашып, ағзаны құрсауға алған суықты қууға көмектеседі. Оны күніне 1000 миллиграмға дейін қабылдауға болады.

 

Үшіншіден, шай, шырын, компотты көбірек ішіңіз. Күніне 5-6 стакан сусын ағзадағы токсиннің тезірек сыртқа шығуына сеп болады.

 

Вирус тез таралатын болғандықтан отбасының басқа мүшелерінің де ауырып қалмауы үшін мұрындарына «Оксолин» майын жағып жүргені жөн. Отбасының кішкентай мүшелеріне күніне бір рет балаларға арналған «Анаферон» беруге болады. Ол ағзаның суыққа қарсы қорғану қабілетін күшейтеді. Вирус жұқтырған адам бұл дәріні толық жазылғанға дейін қабылдай береді. Ал айналадағы, тығыз қарым-қатынастағы адамдар вирус жұқпасының қаупі сейілгенше қабылдайды. Тұмау мен вирусты аурулардың өршіп тұрған кезінде жас балаларға оны айына бір рет үш-төрт күн иммунитетті күшейтіп, аурудан сақтану үшін беріп тұруға болады.

 

Алайда дәрі қабылдадық, енді ауру бізден аулақ болады деп жүрмеңіз. ¬андай ауру кезінде де санитарлық-гигиеналық тазалық басты назарда болуға тиіс. Әсіресе эпидемиологиялық маусымда әр адамның жеке ыдысы мен жеке сүлгісі болғаны дұрыс. Сонда ағза сау, ауру алыс болмақ.

 

Н. НҰРСҰЛТАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ