Күн суықта жауратпайтын тағамдар

15.01.2019
Қаралды: 260

Суық күндерде адамның ауырып қалатыны бар. Ондай кезде суықтауға қарсы тамақтың өзін де нәтижелі пайдалануға болады.

 

Мысалы, өкпе мен қолқаны  суықтың жайсыз әсерінен інжір қорғай алады. Өйткені оның құрамында сорып алатын және жылындыратын заттар бар. Егер де адам балғын інжірге қатық қосып ішсе, көмектеседі. Күніне екі қасық інжір тосабын жеп тұрса да иммунитетке пайдалы.

 

Шоколадтың да. Бірақ оған «орану» керек. Ол аяқ-қолдағы, терідегі ұсақ тамырлар ды қыздырады, ағзаның суыққа бейімделуіне көмектеседі, ол үшін екі «плитка» шоколадты ыстық суда ерітіп, оны аяққа жағып тастайды.

 

Ананас немесе скандинавиялық шай да суыққа тез бейімделуге көмектеседі. Оны былай дайындайды:

 

 - Бір шай қасық қара шайға бір шымшымнан кептірілген зімбір, розмарин, уатылған даршын (корица), бадам араластырып демдеп ішеді. Аздап ұрттап, иіскеп ішу керек. Арша, түймедақ, эвкалипт сияқты өсімдіктердің эфирлік майлары да пайдалы.

 

- С витамині, антиоксиданттар мен  салат жеген де жақсы. Мысалы, жасыл редька мен клюква шырыны пайдалы. Қара редькада да аскорбин қышқылы бар. Бірақ ол ащы. Оған сельдерейдің жапырақтары мен зәйтүн майын құяды. Сосын клюква жемістеріне қант қосып блендерде араластырып, салат үстінен құяды.

 

- Помидор шырынында каротиноидтер көп, А витамині түзіледі.  Ол айыр безді (вилочковая железа) қорғайды, иммунитетті нығайтады.

 

Күніне бір стакан ішіп тұрған тиімді.

 

- Еттен де бас тартпау керек, ол ағзаны ақуызбен қамтамасыз етеді. Әсіресе сиыр, тауық еттері жақсы. Күріш, соя, қызыл фасольде протеиндер көп, ағзаға ол да керек. Толық тазартылмаған дәндегі, сыра ашытқысындағы цинк, нан, сиыр, бұзау, күркетауық етінде, сарымсақта селен көп, ол да ағзаға аса керек.

 

 - Суық күнде дұрыс тыныс ала білу де керек. Суық жерге шыға сала терең тыныс алмаңыз, ол зиянды. Жүрегі ауыратындар үшінде бұл қауіпті. Тек мұрынмен тыныс алыңыз, ауа жылынып өтеді.

 

Жалпы, бірден күн суытқанда ауадағы оттегі азаяды, оны адамның қан айналу жүйесі нәзік сезінеді, ол баяулап, қоюлығы артады. Жүрегі ауыратын (ишемия, стенокардия) адамдар мұны көтере алмайды, жүрек жетіспеушілігінің белгілері бой көрсетуі мүмкін. Кеудесі ауырлап, тынысы жиілейді, демігеді. Астмамен, бронх демікпесімен ауыратындар да мұндайда қиналады.

 

Ал гипотонин, гипотониктер үшін аяздың әкелетін пәлендей қиындығы жоқ. Оларға ауа қысымы мен ылғалдылығының ауытқуы ғана жайсыз.

 

...Қысқасы, қыста толыққанды тамақтанып, денсаулығыңызға қарап жүргеніңіз жөн болмақ.

 

Г. ӘБЕН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ