Сүйекті әлсіз ететін себептер

04.01.2019
Қаралды: 198

Тағам құрамындағы кальцийдің мөлшері аз болса сүйектің беріктігі азайып, оның ерте кемуі және сынғышты­ғы пайда болады.

 

 

Кей жағдайларда сү­йек­тің қақсауына ағзадағы суық та әсер етеді. Буын-буындағы суық тамырларды «байлап», оның да жұмысын әлсіретеді. Сондықтан өтпе жел мен суықтан сақтанудың сүйек үшін де маңызы зор.

 

Егер адам өте арық болса, сүйек массасы да аз болады. Мұндай кесел жанұясында остеопороз ауруы бар адамдарда көбірек кездеседі.

 

Сүйектің нашарлауына белгілі дәрілерді қолдану да себеп. Мысалы, ұзақ уақыт кортизон, преднизон,           преднизолон  дексаметазон секілді дәрі­лерді қолдану сү­йекке зиян. Остеопорозбен ауруға  тез ұшырататын бас­қа да дәрі­лерге кеуденің қатерлі ісігін емдеуде қолданылатын  дәрі­лер, антидепрессиялар жатады.

 

Физикалық қозғалысқа түспеген адамдар остеопороз ауруына тез ұшырайды.

 

Түрлі зерттеулер нәти­жесінде темекі мен алкоголь­дің сүйектерді әлсіз ететінін және остеопорозға жол ашатыны анықталған.

 

Еркектерге қарағанда әйелдердің сүйек тіндері аз болады.

 

Жас ұлғайған сайын сү­йек те әлсіз тарта бастайды­.

 

Дұрыс тамақтанбау мен басқа да қалыпсыз жағдайлар сүйек саулығына әсер етеді.  Анорексиямен ауыратын адамдарда да сүйек ке­муінің қаупі бар. Әсіресе гас­трэктомия, арықтау үшін хирургиялық ота жа­сау мен Крона, Кушинга секілді аурулары да жет­кілікті мөлшерде кальций алуға әсер етеді. 

 

Қалқанша без гормондары сүйек массасының ке­муіне себеп болады. Әйелдерде сүйек кемуі климакс себебімен эстрогеннің азаюы­нан да көп болады.

 

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ