Тыныс жолы жиі мазалайды

11.12.2018
Қаралды: 344

Қыстың алғашқы айы да басталды. Байқауымызша, қара күзде жұртты тұмау онша әбіржіте қойған жоқ. Жедел-өтпелі тыныс жолы сырқаттары да аса көп емес сияқты.

 

 

Еліміздің Денсаулық сақтау минис­трлігі жария­лаған деректерге көз салсақ, биылғы 1-қарашадан бергі эпидемиологиялық маусымда суықтан сырқаттанғандар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28 пайызға аз екен.

 

Салыстыра кетер болсақ, 2017-жылы тыныс жолы дертімен сырқаттанған қазақстандықтар қатары (2016-жылғымен салыстырғанда) 0,5 па­йызға ғана өскен. Соның өзінде 2017-жылы ауырғандардың басым бөлігі тыныс жолы дертімен сыр­қаттанғандар болып шықты.

 

Мысалы, медициналық жәрдемге жүгін­гендердің жалпы санының 7,3 пайызын несеп-жыныс жолы жүйесі аурулары құраса, асқазан-ішек жүйесі дертімен ауырғандар 7,8 пайызын, ал тыныс жолы дертімен ауырағадар 42,9 пайызын құрапты. Жалпы, сырқаттанғандардың 66 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар.

 

2018-жылдың қазан айы бойынша алғанда дәрігерлердің қызметі (алғашқы қабылдауы) биылғы жыл бойынша 8,8 пайызға өсіп отыр. Дәрі­герлік қызмет ақысының жоғарылығы жөнінен Семей, Алматы, Атырау, Орал қалалары алда келеді. Қазақстанда дәрігердің қызмет ақысы тек Шымкентте ғана жыл басындағы деңгейде қалыпты.

 

Г. ӘБЕН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ