Құрғақ жөтелден тез құтқарады

04.12.2018
Қаралды: 398

Бүгінде құрғақ жөтел мен мұрын бітуі мазасын алып жүргендер көп. Төмендегі кеңестер сондай адамдарға арналады.

 

 

Дәріханадан «кеуде жиынтығын» (грудной сбор) алыңыз. Олар қа­қы­рық түсіреді, тыныс жолдарын жеңіл­детеді, жұмсартады. Бұл шөптерді екі апта бойы күніне 2 стаканнан шай сияқты демдеп ішуге болады. Ол бронхтарды тазалайды.

 

Тыныс алуды майды пайдалану арқылы жасалатын ингаляция да жеңілдетеді. Ісінуге де қарсы әсері бар. Құрғақ жөтел кезінде жылытатын сәлбен (шалфей), апельсин, аздап лимон майлары көмек­теседі. Оларды суға қосып, мұрынға 2-3 тамшысын тамызу керек.

 

Ең қарапайым әрі қауіпсіз тәсіл: шәй­нектің шүмегіне қалың қағазды түтікше түрінде ты­ғып,­ ондағы заттардың эфирлік буларымен 5 минут тыныс алу қажет. Мұндай ингаляцияны балаларға жасағанда су температура­сының аса ыстық болмаған жөн.­

 

Ал мұрындары үнемі бітіп жүретіндер мынадай ем қолданса болады: дәріханадан ротокан тұнбасын алып, суға араластырып, оған мақтаны шылайды да, мұрын қуыстарына 10-15 минуттан салып қояды. Күніне 2-3 мәрте бір апта бойы жасаса, көмектеседі.

 

Кейде мұрын бітуі мида оттегі жетіспеушілігінен де болады. Мұн­дайда тамыр тонусын қалпына келтіретін шөптерді қолдану қажет. Жөке гүлі (ли­повый цвет), түйебұршақ (трава донника), беде (клевер) (бір стакан қайнаған суға – бір шай қасықтан) көмектеседі. Олардың сүзіп алынған тұнбасымен мұрын қуыстарын жуу, майлы экстрактын (сығындысын) тамызу керек.

 

Мұндай шөптерді 3-4 аптадан 2 айға дейін қолдануға болады. Ол нәтижесіне көз жеткізіп, әсерін күшейтуге мүмкіндік береді.

 

Қайнатылмаған ыстық суға әсел мен лимон қосып, тамақ, мұрынды шайса, жақсы көмектеседі.

 

Тауық бульоны суықтаудан болатын симптомдардың кезіндегі иммундық жасушалар қозғалысын төмендетеді. Соның әсерімен мұрын бітуі, тамақтағы жайсыздықтар тө­мендейді.

 

Жалғас САМАТҰЛЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ