Бауырды сауықтыратын жеміс

19.11.2018
Қаралды: 215

Күн суыта бастағанда жас балалардың жөтеліп қалуы жиілейді. Мұндайда дәрі орнына емге құрманы пайдаланып көріңіз. Оның шырнын сығып алып, үш жарым қасық қайнаған жылы суға араластырып, тамақты шайса жөтел тез жазылады.

 

 

Күз қоштасып, қыс түспей тұрған уақыттағы ауа райының құбылуы көп адамда жүйкенің ширығуын тудырады. Адамдар болмашыға бұрқ-сарқ етіп, тез ашуланады. Бойыңызда ашу бас көтеріп келе жатқанын байқасаңыз, дереу бір дана құрма жеп алыңыз. Ол жүйкені тыныштандырып, сабасына түсіреді.

 

Маусым ауысуы жүрек-қан тамырлары ауруынан зардап шеге­тіндер үшін қауіпті кезең саналады. Оның да дәрісі – құрма. Ондағы глюкоза мен сахароза жүрек-қан тамырларына жақсы әсер етеді. Ол жүрек айналасындағы бұлшық еттердің жұмысын жақсартып, қан айналымын рет­тейді.

 

Қан қысымы «ойнақтағанда», яғни көтерілсе де, түссе де құрма жеңіз, жақсы көмектеседі. Ас қорыта алмай қиналғанда да бір-екі данасын жеген жақсы.

 

Жұмысқа зейін қою қиындап, бойды жалқаулық билесе, се­бепсіз қалжырасаңыз  да құрма жегеніңіз жөн. Ибн Сина құрманы қалжырап, шаршаған адамға жеуге кеңес берген. Ол көңіл-күйді арттырып, уайымды ұмыт­­тыра алады. Ағзаның бел­сен­ділігін арттырады.

 

Жеміс атаулының ішінде қан аздықпен жақсы күресетіні, ағзаны йодпен байыта алатыны да осы құрма. Ондағы йодтың ағзаға сіңуі де басқа жеміс­терге қарағанда жоғары. Құрамындағы B1, B2 витамин­дерінің қатар кездесуі бауырды сауықтырады.

 

Негізі әр жемістің өзінің пісіп-жетілетін маусымына сай дерт­терге дауа болатын қасиеті бар. Құрманың да құпиясы осында: ол ағзаны қыста болатын витамин тапшылығынан сақтайды. Өйткені құрамында А, С, Р витаминдері, калий мен кальций, магний мен фосфор мол. Ал магний дегеніңіз бүйректе тас байлануының алдын алатын, қан қысымын қалпына келтіруге көмектесетін элемент. Созылмалы бүйрек ауруының, қан қысымының осы кезде жиірек сыр беретінін ескерсек, Жаратушы оның емін де маусымына сай жіберіп отыр демеске лаж жоқ.

 

Израйль тағамтанушылары құрма алмадан екі есе пайдалы деп санайды.  Олар 6-7 дана құр­маны бөлшектеп, бір кесе суға салып, бірнеше сағат тұр­ған соң суын сүзіп алып, күніне екі мәрте ысытып ішіп отырса, екі апта көлемінде бүйректегі тасты да түсіретіндігін дәлелдепті. Бұл емді үй жағдайында жасауға болады деседі.

 

Бірақ, есіңізде болсын, құрманы сүтпен немесе мұздай сумен араластырып жеуге болмайды. Ондай жағдайда құрамындағы 100 пайыз пайдалы деп отырған витаминдер бір-ақ сәтте зиянды болып шыға келеді.

 

Ж. ҚАСЫМ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ