Телефонда қатерлі ісік қаупі бар

15.11.2018
Қаралды: 220

Күні кеше әлеуметтік желілердегі топтардың бірінен қазақстандық бір дәрігердің жанайқайын естіген едік. Онда айтылған жағдай барлық ата-аналарға  сабақ боларлықтай екен.

Он үшке толмай өмірден өтіпті

 

«Менің Алматыда тұратын бір сіңлімнің баласы алты жасынан бастап «Айфон» ұстаған. Былтыр ертең 13 жасқа толады деген күні – 12-ші тамызда қайтыс болды. Телефоннан алған радиациядан болды. Лейкоз ауруына шалдықты.

 

Мен медицина саласында 25 жылдан бері хирург болып істеп келемін. Оның 15-16 жылында анестезиолог болып қосымша жұмыс атқарып келе жатырмын. Мақтанып отырған жоқпын.  Айтпағым, көп жылдардан бері онкология саласындамын. Осы салада жүріп өмірден көрген, куә болған жағдайлардан соң қайғының алдын алсын, ұрпақтарымыз аман болсын деп ата-аналарға кеңес берсем деп едім.

 

Мен замандастарыма ұрпақтарына, әсіресе кішкентайларға ұялы телефонды ұстатпауға кеңес беремін.  Бұл телефонда өте көп радиациялық зиян  мен канцерогенді заттар бар. Ол өсіп келе жатқан жас балаға, ағзасы жетілмеген жеткіншектерге өте зиян. Қоңырау шалғанда бірден үшіншіге дейін «гудок» кеткенде өте көп мөлшерде күшті радиация бөлінеді. Ол жас бала тұрмақ үлкен адамдардың өзінде лимфалық түйіндерді зақымдайды. Ал енді өсіп келе жатқан, әлі толысып, жетіліп үлгермеген жас балалардың, жеткін­шектердің лимфа бездеріне бұл радиация өте тез әсер етеді.

 

Лимфа дегеніміз – без. Бұл радиациядан көптеген балаларда мойын бездері өзінен-өзі ісінеді. Сосын ата-анасы баласын жетектеп, дәрігерден дәрігер қоймай шырылдап жүріп, бір­нешеуіне көрсетеді. ЛОР оны құлақтан дейді. Стоматолог тістен көреді. Тұмау­дан деп айтады. Сан түрлі себеп қарастырылады. Ал бұл кезде без неше түрлі қауіпті ауруды асқындырып жібереді. Мұндай радиация алған балада онкологиялық процестер жүріп жатады.

 

Ақ қан ауруына себеп дейді

 

Қазір лейкоз (қан рагы) деген балалардың  ауруы көбейіп кетті. Жиырма беске дейінгі жастар арасында онкологиялық аурулар өте көп. Балалар арасында әсіресе мойын бездерінің рак ауруы көп кездесіп жүр. Көзімізше өліп жатқаны да бар.

 

Осының бәрі телефоннан бөлінетін радиацияның салдары. Сондықтан балалар жыласа жыласын, бәрібір ұрпақтарыңа телефонды көп ұстатпауларыңды өтінемін. Бұл өте қауіпті мәселе.

 

Телефон деген Қазақстанда тұрып хабарласатын болсаңыз Американың Калифорниясы дейсіз бе, Жапония ма, қаншама қашықтықтағы алыс елдермен де сөйлесе беруге болатын құрал. Бәрі сол бірінші «гудоктан» бастап бөлінетін радиацияның күші».

 

...Дәрігер текке шырылдап отырған жоқ: Қазақстанда жылына орта есеппен 500-ден астам бала ауыр дертке ұшырайды. Өткен жылы 558 бала онкологиялық ауруларға шалдыққан. Оның 230-ы лейкоз, ақ қан ауруы.

 

Ал жаңағы дәрігер айтқан бас және мойын қатерлі ісігі онкологиялық аурулар бойынша әлемде ең кең таралған ауруларының тізімінде 6-орында тұр. Оған әлемде жыл сайын 500 мыңнан аса адам шалдығып, оның 270 мыңы көз жұмады. 

 

Түсіндіре кетейік, бас және мойын ісігі дегеніміз дененің осы тұсындағы бас және жұлыннан басқа барлық қатерлі ісік. Оған қалқанша без ісігі, ауыз қуысы және тіл ісігі, ауыз жұтқыншағы ісігі, мұрын қуысы ісігі, көмей ісігі, жоғарғы жақ сүйек қуысы ісігі, жақ асты және шықшыт сілекей бездері ісігі кіреді. Ұялы телефоннан бөлінетін радиация осының кез келгенін «оятуы» мүмкін.

 

Мидың жұмысын бұзады екен

 

Смартфондар мен өзге де сымсыз құрылғыларды үнемі пайдаланудан бас­тапқыда бас ауырып, адам шаршап, тері тітіркенеді. Соңыра одан тарайтын радиация ағзада метаболикалық теңсіздік тудырады. Мұның соңы обыр мен өзге де ауруларға соқтырады.

 

Ғалымдар адам ұялы телефонды қолданғанда оның миы басқаша жұмыс істей бастайды, оны көбірек қолданған сайын, ісік сияқты  қауіпті ауруларға тап болу мүмкіндігі өседі дейді. 1995-2015 жылдар аралығында бас сүйектегі ми ісігі екі есе ұлғай­ған дейді Англия зерт­теушілері. АҚШ Ұлттық обырмен күрес институтының мамандары да телефоннан тарайтын қуаттың өте қатерлі екенін дәлелдеген. Олар ұялы телефонның обыр ауруын оятуына 3 себеп бар дейді. Ең әуелі, ұялы телефондар радиожиі­лік­пен энергия таратады. Иондалмаған формадағы шағылысу біздің денеміздегі әрбір жасушаға қауіп төндіреді. Телефонды көп қолданатын жандар осы энергияны қабылдап алады. Екіншіден, адамдар күн­делікті телефон ар­қылы өте ұзақ және жиі сөй­леседі. Әлеу­меттік желіге адамдар күніне 4-5 сағатын арнайды екен. Үшін­шіден, телефон арқылы ақпарат алмасып, видео, кино тамашалайды. Міне, осының салдарынан әлемде онкологиялық аурулардың жыл сайынғы өсімі 5%-ға артыпты. Жыл сайын бү­кіл әлем бойынша (оның ішінде Қазақстан да бар) 10 миллионнан астам адам обыр ауруына шалдығады екен. Одан көз жұматындардың саны – 6 миллионнан асады.

 

Ойланайықшы, ағайын, осы айтылғандардан ой түйейік! Балаларымыздың денсаулығын смартфонға «байлап» бергенше, оған тәуелді болмауды үйретейік.

 

Р. САҒАТҚЫЗЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ