Тәттінің тарттыратын азабы көп

14.11.2018
Қаралды: 117

Көбіміз тәтті тамаққа үйірміз. Ал қанты көп тәтті тағам ұйқы безіне салмақ түсіреді де, ол инсулинді шамадан тыс көп бөледі. Мұның соңы қант диабеті ауруына соқтырады. Немесе адамның салмағы артып, шамадан тыс семіріп кетуіне алып келеді.

 

 

Кейбіреу келімдәрі немесе уксус қосылған тамақты жақсы көреді. Оны көп тұтыну ағзадағы су қозғалысын бөгеп, несеп жолдарына тас байлатады. Жүрек-қан тамырлары ауруларын тудырады.

 

Жүріп бара жатып, теледидар алдында немесе газет-журнал оқып отырып тамақ жегенде ол дұрыс шайналмайды да, салдарынан ас дұрыс қорытылмайды. Кейбіреулер қатаң диета ұстайды да тамақты аз ішеді. Мұндай жағдайда да денсаулыққа аса пайдалы витаминдер жетіспей, адам ағзасы зардап шегуі мүмкін.

 

Түнде кейбіреулер қарны ашса, төсектен тұра салып, ұйқылы-ояу тамақ ішеді. Бұл мүлдем құптамайтын нәрсе. Өйткені ұйқыдағы ағза асты дұрыс қорыта алмайды. Ас ішек-қарында бөгіп тұрып қалады да, ағзаға үлкен салмақ түседі. Сосын асқазанда қышқыл пайда болады. Мұның соңы – гастрит.

 

Менің мұнша мысал келтіргендегі айтпағым – дұрыс тамақтану жайы. Халық арасында: «Қарынның үштен бірінде – тамақ, екінші үштен бірінде – су, қалған үштен бірінде ауа болуы тиіс» деген сөзін ұмытпаңыздар.

 

Батыр СОЗАҚБАЕВ.

Түркістан қаласы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ