Серуендеуден артық шипа жоқ

08.11.2018
Қаралды: 98

Күздің жылымық күндері кетіп, қыстың алғашқы суығы сезіле бастағаннан көбіміз: «Енді не істейміз, суық тиіп ауырмаймыз ба?»  деп  қа­уіптене бастаймыз. Өйт­кені жаздың жаймашуақ күндері қысқы суықтың келерін есептемей, арқаны кеңге салып жүріп аламыз. Денемізді шынықтыруды ұмыт қалдырамыз.

 

 

Егер қыс түспей жатып күніне ең болмаса бір рет сумен құйынып, ағзаны шынықтыра берсек, қысқы суыққа денсаулығымыз төтеп беріп, иммунитетіміз қалыпты күйінде болар еді. Орман немесе бақ аясына жиі шығып, таза ауа жұтып тұрған да денсаулыққа игі әсерін беретіні сөзсіз.

 

Дәрілік шөптерді және жеміс-жидектерді күнілгері теріп, кептіріп алған жақсы. Сонда суық тигенде антибиотик дәрілерді уыстап қылғыта бермей, соларды қыста қайнатып ішсек, шипасын молынан көретін болар едік. Антибиотик дәрілердің тез әсер ететінін дәрігерлер мойындайды. Бірақ олардың кейбірі адам ағзасының басқа мүшелеріне кері әсер ететінін мойындайды.

 

Денсаулықты сақтау барысында қимыл-қоз­ғалыстың орны ерекше. Сондықтан қыс күндері үйде жатып алмай, бір мезгіл жылы киініп, жақын жердегі тоғай немесе баққа барып, таза ауада тыныстап қайтыңыз. Мұндай серуендеу адам ағзасына аса пайдалы. Ең болмағанда аптасына 3 рет шығып, 2 сағат жүріп қайту бойыңызды жазып, жаныңызды қалай сергітеді десеңізші? Жасап көріңіз!

 

Бекболат ЖОЛДАСБЕКОВ.

Сарыағаш ауданы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ