Ең үздік дәрігер

06.11.2018
Қаралды: 146

Түркістан қалалық емханасының бас дәрігерінің орынбасары Райымбек Тасырбаев елі­міздегі ең үздік дәрігердің бірі атанды.

 

Кешегі аптада Астанада еліміздің ең үздік дәрі­герлері айқындалған болатын. Р. Тасырбаев сол тізім­дегі 16 дәрігердің бірі. Ол сандық медицина саласын дамытуға қосқан үлесі, инновациялар мен жаңа технологияларға жол ашып, сандық технологияларды қолдана отырып, денсаулық сақтауды өзгертуге кәсі­билігі мен дайындығы үшін диплом мен бағалы сыйлыққа ие болды.

 

«Бұл марапат облыстың медицина саласы мен сапасын одан әрі дамыта түсуімізге жігер береді», – дейді Р. Тасырбаев.

 

«Ауырмаңыз!» газетінің ұжымы да үздік дәрігерді марапатымен құттықтайды.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ