Түркістан облысында үшемдер дүниеге келді.

11.10.2018
Қаралды: 167

Облыстық №1 перинаталды орталықта туылған үшемдер бүгін перзентханадан шықты. Сарыағаш ауданының тұрғыны 32 жастағы Ұлжалғас Бақтыбаева 8 баланың анасы атанды. Айберік, Байсерік және Гүлсімді үйлерінде бес бауыры күтіп отыр.

 

Сәбилер уақытынан бұрын туғандықтан, әрқайсысының салмағы 2,5 килодай ғана болған. Қазір анасының да, сәбилерінің де денсаулығы бірқалыпты, – дейді дәрігерлер.

 

Көп балалы ана балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істейді. Мерзімінен ерте дүниеге келген нәрестелерді дәрігерлер бір апта бойы жан - жақты бақылаған. Үшемдердің ата-анасының орталық дәрігерлеріне деген алғысы шексіз.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ