Тамақтанудағы 10 қателік

10.10.2018
Қаралды: 363

Бірінші қателік: тамақты көп жейміз. Адамға күніне 2660 килокалория қажет болса, көбіміз оны 3020-ға жеткіземіз. Егер де адам бес жыл бойы күніне 90 килокалория артық тамақтанса, салмағы 18 келіге артады екен. Ал енді күніне жаңағыдай 360 килокалорияны артық қабылдасақ ше? Семіздік пен онымен ілесе келетін аурулар қырыққа жеткенде алқымнан алады дей беріңіз.

 

 

Екінші қателік: қашанда майлы тамақты жақсы көреміз. Әр адамға күніне 80 грамм ғана май қажет. Біз оның орнына 132 грамм қабылдаймыз.

 

Үшінші қателік: қандай тағамды ішіп-жегеніміз жөн, оны таңдап-талғай білмейміз. Содан дастарханға не әкелсе, соның бәрін асаймыз.

 

Төртінші қателік: әр түрлі сұйық асты көп ішеміз.

 

Бесінші қателік: өз уақытында тамақтанбаймыз. Дастархан үстіндегі тамақты тез ішіп, тез жейміз. Тамақтану мерзімімен санаспаймыз. Негізінде күніне 3 рет тамақтанған абзал.

 

Алтыншы қателік: тәттіні көп жейміз. Қант, конфет, торт, т.б. асыра ішіп-жейміз.

 

Жетінші қателік: тамақты жақсы әзірлеп, дұрыс сақтай білмейміз. Біз көбіне қуырған тағам, тұзы көп ас дайындаймыз.

 

Сегізінші қателік: кешкілік теледидар көріп отырып тамақ ішкенді ұнатамыз.

 

Тоғызыншы қателік: тағамдардың құрамына көңіл бөлмейміз. Бізге міндетті түрде әр тамақтың құрамында қанша белок, май, көмір, витаминдер мөлшері бар екенін білген жөн.

 

Оныншы қателік: тамақты жасқа қарай ішіп-жеуге тиістіміз. Біздің бір жаман әдетіміз – 6-10 жас аралығындағы баланы көп тамақтандыруға тырысамыз. Негізінде балалар 13-16 жасқа дейін және кәрі адамдар әліне қарай аз-аздап тамақтанғаны дұрыс.

 

Жоғарыда келтірілген деректер Қазақ тағамтану академиясы мамандарының, нутрициологтардың тыңғылықты зерттеу арқасында анықтаған мәліметі. Бұл сауалнамада барлық қала тұрғындары қамтылған. Белсенді және ашық жауап берушілер ретінде Алматы және Шымкент қаласының тұрғындары аталады. Сондай-ақ Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптас­тыру орталығы мамандарының да еңбегін атап өткен жөн. Ал оқырмандар және тұрғындар тамақтану кезінде ең көп кездесетін осы он қателікті қайталамағаны дұрыс.

 

Нәлбике ЕДІЛОВА,

Қарабастау дәрігерлік-

амбулаториясының медбикесі.

Шымкент қаласы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ