Қолды төрт сағат сайын жуу керек

03.10.2018
Қаралды: 188

Алда вирусты-инфекциялы маусым келе жатыр. Күздің мұндай ке­селде­рінен сақтану үшін дәрігерлер қолды әр төрт сағат сайын 30 секунд бойына сабынды көбікпен ысқылап жуып тұру керек дейді. Алақанда өсіп, көбейетін бактериялар сонда ғана өледі екен. Мұны Аризона университетінің вирусологтары анықтаған.

 

 

Ал Британ санитарлары жер шары тұрғындарының 92 пайызы лас орындық, үстелге отырудан, баспалдақ сүйенгіші сынды тазалы­ғы күмәнді заттарды ұстаудан қашқақтайтынын анықтаған. Олардың тіпті жеке сөмкелері мен балалар ойыншығының өзін жиі сүртіп тұратындығы белгілі болыпты. Тек 13 пайыз тұрғындар ғана ойланбастан шаңы сүртілмеген жерлерге сүйеніп немесе отыра кетеді екен. Әйткенмен олардың 87 пайызы ғана қол тазалығын сақтайтын болып шықты.­ Ал алақанда 10 миллионға дейін бактерия өмір сүреді. Қоғамдық орындардағы орындықтар, кеңсе үстелі мен балалар ойыншығындағы бактерия одан әлдеқайда аз. Солай бола тұра біз алақанды таза санап, бетті алаңсыз ұстаймыз. Осылай ағзаға аса қауіпті эхинококк, стафилококк, энтеробактерияларды өзіміз жоғары тыныс жолдарына жақындатамыз. Тұмау, суықтау, басқа да жоғары жоғары тыныс алу жолдары дертінің 60 пайыздан астамы адамға бөгдеден емес, өз алақанынан жұғады екен. Олай болса, қолды асығыс шая салмай, жарты минутыңызды тазалыққа қиыңыз. Сонда деніңіз сау болады.

 

Р. ОРДАБЕК.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ