Асқазанға шипа болатын «бутерброд»

14.09.2018
Қаралды: 214

Санулы күннен кейін күзбен бірге жаңа оқу жылы басталады. Бұл кезде балалар мен жасөспірімдер сабаққа асығамыз деп жүре тамақтанатыны белгілі. Ал мұның соңы асқазанның түрлі ауруларына себеп болады. Сондықтан ата-аналарға асқазан ауруларының алдын алатын емдік май рецептін ұсынбақпын.

 

 

Сізге керегі – 200 грамм жібіген кілегей майы, 1 шай қасық мыңжапырақ шөбі, осынша шайқурай шөбі, сосын қырмызы гүлінің 1 ас қасығы. Мұның барлығын ұнтақтау керек. Дайын болған ұнтақты кілегей майымен араластырасыз. Ол хош иісті шөптен алынған май болады. 

 

Енді бидай немесе қарақұмық нанын алып, үстіне осы дайындалған емдік майдан 1 шай қасық жағып, тамақ ішерден жарты сағат бұрын жеу керек. Бұл «бутерброд» асқазаны ауыратын адамдарға таптырмас ем. Себебі шөптер (әсіресе шайқурай) ауруды басса, май асқазан жұмысын реттейді. Ал қара нан асқазан сөлін бөліп шығаруға көмектеседі.

 

Клара ХАЙТМЕТОВА.

Сайрам ауданы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ