Өттегі тас, кет!

13.09.2018
Қаралды: 384

Қазір қырыққабат – капуста тым қымбат емес. Оны тұздап, сол тұзды суымен өттегі тасты түсіруге болады екен.

 

 

Тұздалған қырыққабаттың сығылған суынан 1 литр алып, оған 400 грамм зәйтүн майын қосады. Сосын 4 дана лимонды сығып, шырынын қоса араластыру керек.

 

Емді бастамас бұрын бір күн тамақ ішпеу керек. Бірақ қайнаған, газсыз су ішуге болады. Екінші тәуліктен бастап әр 25 минут сайын әлгі қоспаны 100 грамнан іше бастайды. Арада 5-6 сағат өтісімен өттегі тас түсе бастайды.

 

Ем барысында жылы грелка қоюға, жыл ваннаға түсуге болады. Ол өттегі тастың түсуін тездетеді. Бұл күні тек жаңа сы­ғылған шырын, майсыз айран, сұйық та майсыз сорпа ішу керек. Нәтижесін тексертіп көрсеңіз болады.

 

Бірақ өтегі тас ірі болса, бұл емді жасау қауіпті: тас жылжығанда ішек қабырғаларын жырып кетпеуі тиіс. Сондықтан оның мөлшерін біліп, дәрігермен кеңесіп алу маңзыды.

 

Қадырбек СОЗАҚБАЕВ.

Ордабасы ауданы,

Түркістан облысы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ