Анардың дәнін қуырып жесе шипа

12.09.2018
Қаралды: 198

Мен бұл керемет рецепті бір кітаптан оқып едім. Содан бері анар жесек, ішіндегі дәнін тастамай, жи­нап алатын болдым. Неге дейсіз бе?

 

 

Анар дәнін (ұрығын) көлеңкелі жерде кептіріп, қуырып қою керек. Сосын ұнтақтайды. Міне, осы ұнтақтан күніне үш рет пышақтың ұшымен ғана алып, астан бұрын жейтін болса, кеуде тұсының ауырғанын, жүрек қағысының бұзылуын қалпына келтіреді.  Әдетте жүрегі атқақтай соғып, мазасы қашқан адамның тамаққа тәбеті де болмайды. Сонда ол тәбеттің ашылуына да көмектеседі. Ұдайы немесе ұзақ уақыт пайдалансаңыз сары аурудың алдын алады екен.

 

Табиғатта ештеңе артық жаратылмаған ғой. Әттең, осындай қаншама пайдалы дүниелердің қадірін білмей, қоқысқа тастап жатыр екенбіз?

 

Жарқынбай ТАҢ­СЫҚБАЙ.

Шардара ауданы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ