Қалақайдан сыпыртқы жасаңыз

12.09.2018
Қаралды: 251

Байқаймын, қазір көп адамды ревматизм мазалайды. Мұны анықталғаннан бастап ертерек емдемесе, асқынса жүрекке шабатын қаупі бар. Ал медицинада, неге екенін білмеймін, ол өте ұзақ емделеді. Бірақ толық жазылдым деген адамды көрмейсің.

 

 

Ревматизм ауруын ертеде кәдімгі қалақаймен (крапива) емдеген. Бұл өзі кез келген жерден табылатын дәрілі көсімдік қой. Осы өсімдіктен сыпыртқы жасап алыңыз. Моншаның ыстық буында ауырған буынды осы сыпыртқымен соққылау керек. Қалақайды ыстық суға батырып алып, ауырған буынды байлап қойса да болады.

 

Қалақай жас болса, тиген жерін ашытып, күйдіріп, аздап ауыртады. Оған шыдаған адам ауруынан толық айығады.

 

Қалақайдың сыпыртқысын көлеңкеде кептіріп алсаңыз, оны қыс бойы емге пайдалана аласыз.

 

Қайсар ӘБДІТӨРЕ.

Алматы облысы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ