Қай қабатта тұрған қауіпсіз?

16.08.2018
Қаралды: 150

Адамның денсаулық күйі оның тұратын пәтері қай қабатта екеніне де байланысты екен.

 

 

Мамандардың зерттеу нәтижелеріне қарағанда, 1-ден 6-қабатқа дейінгілерге қоршаған ортаның жағымсыз әсерлері көбірек сезіледі екен. 7-ден 12-қабатқа дейінгі пәтерлер жайлы саналады. Ал 12-ден жоғарысы біршама жайлы болып келеді екне.

 

Мысалы, қала ауасы таза емес. Онда әсіресе автокөліктен бөлінетін газ бен шаң-тозаң көп. Күкірт, азот, көміртегінің оксиді мен диоксиді, бензопирен, автокөлік дөңгелегі мен асфальт үйкелісінен туындаған қара күйе – осының бәрі ауадан ауыр болғандықтан төменгі қабат тұрғынарының денсаулығына зиянын тигізеді. Олар күн қатты ысыған кезде ғана ортаңғы қабаттарға дейін ктеріледі. Бұл кезде ауада өсімдік тозаңы да көбейіп, аллергиямен ауыратындардың мазасын алады. Ол тыныс органдарын зақымдайды, канцерогендік тұрғыда да зиянды.

 

Сондықтан көпқабатты үйдің төменгі қабатында тұратындар үйді таңертең ауа таза кезде немесе жауыннан кейін желдетіп алғаны жақсы. Ауа ауыр кезде бұай етуге болмайды. Үй ауасын таза ұстау үшін арнайы жасап шығарылған құрылғыларды да қолдануға болады.

 

Радонның да төменгі қабат тұрғындарына зияны көп. Бұл радиоактивті газ әсіресе құрамында гранит бар топырақ жынысынан көп шығады. Иіссіз, түссіз газ болғандықтан оны анықтау оңай емес. Егер тұрғын ешқандай себепсіз ауырып-сырқай берсе, онд үйін арнайы құрылғымен тексерткені дұрыс.

 

Радонды  анықтайтын құрылғы ның бар-жоғын біліп, мөлшерін есептеп береді. Ауадан ауыр болғандықтан радон жертөледе көп шоғырланады, пәтерге тесік, қуыстар арқылы енеді. Әсіресе бұл ескі ғимараттарға қатысты. Оның іргетасында жарықтар пайда болып, радон сыртқа жайылуы мүмкін. Радон – қауіпті канцероген, ол өкпеге аса қатерлі.

 

Көпқабатты үйдегі төменгі қабат тұрғындарына түрлі шулар да жайсыз әсер етеді. Осыдан есту қабілеті нашарлайды, ол өз кезегінде жүйке жүйесіне кері әсерін тигізеді. Мұндай жайсыздыққа ұрынбау үшін шуды тұйықтайтын арнайы құрылғылар қою керек.

 

Электромагниттік сәуленің де төменгі қабат тұрғындарына әсері жоғары. Ол электр қуаты тартылған жүйелерден, ұялы байланыс антенналарынан таралады. Басты ауыртады, қан айналмы мен жүйке жүйесіне жайсыз әсер етеді.

 

Ылғалдың төмендігі, оттегі жетіспеуі жоғары қабатта тұратындарға жайсыз әсер етеді. Мұрын мен тамақтағы кілегей қабаттың иммунитеті төмендейі, одан тыныс жолдарының ауруы туындайды, ал оттегі жетіспеуі жүрекке, тамырларға жайсыз тиеді.

 

Сондықтан пәтерді ылғалдандырып, ауаны йондармен толықтыратын арнайы ылғалдандырғыш пен йонизаторларды пайдалану керек. Ауаға оттегін бөлетін үй өсімдіктерін өсіру керек.

 

Б. РЫСҚҰЛ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ