Экзема және жұмыртқа майы

09.08.2018
Қаралды: 339

Екі жылдай уақыт бұрын қолыма экзема шығып, қан­ша дәрі жақсам да кетпей қойды. Дәрігерлер кеңесі­мен алған дәрілер уақытша ғана кө­мектесетін. Дә­рінің күші кете бастады-ау деген кезде қайта шығады. Үйде балалардың киімдерін, тіпті ыдыс-аяқ та жуа алмаймын, тұр­мыс­тық химияның қанда­йын ұстасам да, ертесіне экзема бой көрсетеді.

 

 

Мен осы жарадан қалай құтыларымды білмей жүрген кезде көршідегі Клара жеңгеймен бірге жұмыс істейтін құрбысы маған бір ем айтты. Соның арқасында мен қазір экземадан түбегейлі айықтым. Тек ол емді ерінбей, ыждағатпен істеу керек.

 

Он жұмыртқаны (қолда өсірілетін тауықтікі болуы керек, инкубатордыкі мен дү­кендегі жұмырт­қалар жарамайды) қабығымен қайнатып, сарысын алыңыз. Содан кейін сарысын вилкамен ұстап, білте шамның отына қойып, қыздырыңыз. Сәлден кейін одан сұйықтық бөліне бастайды. Оның астына кішкене табақша қо­йып, үлгеруіңіз керек. Са­ры уыздан алынған майды дә­кеге жағып, оны ауырған жеріңізге қоясыз. Үстінен целлофан жа­уып, оның сыртынан таңғышпен таңып  тас­таңыз. Осылайша екі күн ұстап, екі күннен кейін жаңасына ауыстырасыз. Бұл емді қашан сауығып кеткенше жалғастыру керек.

 

Әрине, жұмыртқадан май алу оңай шаруа емес. Ұзақ уақытты қажет етеді. Бірақ емі нәтижелі. Осылайша емдел­геннен кейін маған экзе­ма қайтып шығып мазалаған жоқ.

 

Шынар ТАЙҒАРАЕВА.

Талдықорған қаласы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ