Ми тамырын тазартуға болады

08.08.2018
Қаралды: 346

Біз төменде ұсынып отырған тәсілдер ми тамырларын тазартумен қатар, остеохондроз, бастың үздіксіз ауыруы, атеросклероздан айығуға да көмектеседі. Бастысы, бұл оңай, қарапайым әрі залалсыз ем түрі. Олай болса, есте сақтаңыз.

 

Грек жаңғағы мен бал

 

Бес дана грек жаңғағын 1 ас қасық табиғи балмен араластырыңыз. Оған бір шым-шым даршын (корица) мен жанжабіл қосыңыз. Қоспаны бір тәулікке тоңазытқышқа салу керек. Күніне 3 рет тамақтан жарты сағат бұрын 1 ас қасықтан жеп тұрсаңыз, емі керемет. Емді 10 күн жалғастырып, 5 күн демалған соң тағы бір рет қайталауға болады.

 

Пияз шырыны мен бал 

 

Стаканның үштен бір бөлігі шамасында пияз шырынын сығып, оны бір стакан табиғи балмен араластырыңыз. Осылай күнделікті жаңадан әзірлей отырып, күніне 3 рет тамақтан жарты сағат бұрын 1 шай қасықтан жеп тұрасыз. Бұл қоспа ми тамырларын тазартумен қатар имму­нитетті де нығайтады. 

 

Табиғи шырын 

 

Күнделікті тамақтан жарты сағат бұрын табиғи шырын ішу керек. Бірінші күні 0,5 стакан анар шырыны, келесі күні – алма, үшінші күні сәбіз шырынын ішіңіз.

 

Иттікен тұнбасы 

 

10 грамм иттікеннің құрғақ тамырларына қайнаған су құйыңыз. Бұл қоспаны термоста сақтаған жөн. 8-10 сағаттан кейін тұнбаны сүзіп алып, салқын жерге қойыңыз. Таңғы астан 3 минут бұрын 4 ас қасықтан бір ай үздіксіз ішіп тұрыңыз. 

 

Пайдалы тағамдар 

 

Күнделікті таңертең ашқарынға бір мандарин, бір уыс мейіз бен грек жаңғағын жеп тұрыңыз. 15-20 минуттан кейін 1 шай қасық бал мен лимон тілімі қосылған су ішіңіз. Арада 15 минут өткенен кейін таңғы ас іше беруге болады.

 

Тап осы қарапайым әдістер арқылы ағзаға қуат сыйлай алатыныңызды, өмірді ұзартуға, зейінді арттыруға жол ашатыныңызды ойланып көріңізші. Сонда бұл қарапайым емес, құнды тәсілге айналып сала береді. Ал сол құндылық үшін аз-маз уақытыңызды қию өзіңізге байланысты.

 

Ж. ДӘРМЕН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ