Қан аламын деп қамалып кете жаздады

18.07.2018
Қаралды: 233

Жасыратыны жоқ, пайғамбардың өзі қолданған, залалсыз әрі халал ем түрі деп хиджаманы насихаттайтын, оны өз бетінше үйреніп алып, ем жасайтын жандар жетерлік. Жақында Алматы облысында осылай ем жасаған үш ер адам жауапқа тартылды.

 

 

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, аймақтағы тұрғындар сауығу, емделу мақсатында қан алдырған. Бірақ емнен кейін денсаулықтары нашарлап кеткен. Олар құқық қорғау орындарына шағым түсіреді. Нәтижесінде Талдықорған, Ақсу мен Панфилов ауданында тұратын үш ер адамның бұл әрекеттері заңсыз екені анықтал­ған. Яғни олардың қан алуға лицензиясы жоқ.

 

Заңсыз жұмыс істеген жандар әкімшілік жауапқа тартылды. Әрине, қамалған жоқ, әзірше тек айыппұл төлеумен шектелді.

 

Т. БЕРІКБАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ