Ішек құрт ауруларының алдын алу

17.07.2018
Қаралды: 374

Ішек құрт ауруы – ағзада құрт пайда болатын аурулар тобына жатады. Адам тәнін ішек құртының 250-ден астам түрі жайлауы мүмкін.

 

 

Адамның ауру жұқтыруы: тұрмыстық жанасу (кір қол),  азық  өнімдері (жуылмаған көкөніс, жеміс, көкшөп, ашық тоған суы, таза өңделмеген тамақ өнімдері), үй жануарларының жүні, көрпе-төсек, киім, шаң, т.б. арқылы жүзеге асуы мүмкін.

 

Ішек құрты адамның түрлі органдарын бүлдіруі мүмкін, алайда олар көбіне ішекте (аскаридоз, трихоцефалез,стронгилоидоз, тениаринхоз, т.б.), өкпеде (парагонимоз, томинксоз), бауырда (описторхоз, клонорхоз, фасциолез, т.б.) жайласып, сол орынды зақымдайды.

 

Адам бойындағы ішек құрттар көп уақытқа дейін байқалмауы мүмкін. Алайда мынадай белгілер байқалған жағдайда сақ болу қажет: терінің бөртуі, аллергиялық реакция, дененің үнемі қышуы, бұлшық еттер мен буынның ауыруы, лимфа жүйе­ле­рінің ұлғаюы мен ауырсынуы.

 

Ішек құрттарының алдын-алу үшін жеке бастың және қоғамдық тазалық ережеле­рін сақтау маңызды:

 

- тамақтану алдында, дәретханадан кейін және жануарларға күтім жасағанда мін­дет­ті түрде қолды жуу;

 

- көкөністер мен жемісті ағын суға ша­йып алу;

 

- етті, балықты түр­де термиялық өңдеу­ден өткізу;

 

- күнделікті ішуге қайнаған су қолдану;

 

- үй жануарларын ветеринар дәрігерге тіркеу қажет.     

                                         

Осы қарапайым ережелерді сақтасаңыз, денсаулығыңызды сақтайсыз!

 

Ақтоты АСАНБАЕВА,

Еңбекші ауданы қоғамдық денсаулық сақтау

басқармасының жетекші маманы.

Шымкент қаласы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ