Холецистит мазалап жүр ме?

20.06.2018
Қаралды: 201

Егер холецистит ауруына шалдықсаңыз, күн сайын ашқарын­ға екі алмұрт жеу керек. Сонымен қатар кептірілген алмұрттан компот қайнатып ішуге болады. Тек оған қант қосудың қажеті жоқ.

 

 

Холецистит кезінде тамақтан кейін ішіңіз ауырса, құсқыңыз келсе, лимон шырынына жарты шай қасық ас содасын араластырып ішіңіз. Тағы бір емі – сұлы жармасына (геркулес) 8 литр қайнаған су құйып, бір сағат бөлме температурасында қойып, тұтынуыңызға болады. 

 

Сонымен бірге мынадай қоспа дайындаңыз: 1 қасық ашыт­қы, 2 шай қасық қант, 1 стакан су, 1 стакан ұн. Барлығын жақсылап араластырып, жылы жерге қойыңыз. Бірнеше сағаттан соң қоспаны сұлы жармасына қосып, тоңазытқышқа салу қажет. Дайын қоспаға таңертең кілегей майын қосып жеңіз. 

 

Бұл әдіс тек холецистит қана емес, гастрит, энтероколит, ойық жара ауруларының асқынуын болдырмайды, олардың алдын алуға көмектеседі.

 

Әділ ИБАДУЛЛАЕВ.

Қызылорда қаласы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ