Судан келер қатерден сақ болыңыз

14.06.2018
Қаралды: 260

Әне-міне дегенше кезекті шомылу маусымы да басталғалы тұр. Сондықтан оқырман қауымға су көздерінде шомылғанда қажетті сақтық шаралары жөнінде айта кетуді жөн көрдік.

 

- Жаз маусымы басталды дегенмен, кей жерлерде су әлі жыли қойған жоқ. Сондықтан суға сүңгі­генде абай болыңыз. Температураның бірден түсуі дауыс шығатын аймақта рефлекторлық құрысу туындатуы мүмкін. Мұндайда қатерге ұшыраған адам айқайлап көмекке шақырмақ болса да үні шықпайды. Бұл кезде ол тұншығудан өліп кетуі мүмкін.

 

Ал тез арада аңғарып, құтқарып алса, сосын жасанды тыныс алдырса, құтқарып қалуға болады.

 

- Мұздай суда сіңір тартылып қалуы да қауіпті. Мұндайда тәжірибесі жоқ адам үрейге беріліп, өзіне төнген қауіпті күшейте түседі. (Мұндайда шалқалай жатып, тынышталуға тырысу керек).

 

- Бұрын-соңды білмейтін, тіпті білетін жерде суға бас салып сүңги беруге болмайды. Су таяз немесе түбінде тас болуы мүмкін.

 

- Тұйық су көздеріне, әсіресе олар егістікке, елді-мекенге жақын болса, шомылмауға тырысу керек. Онда түрлі инфекциялар, зиянды микроағзалар болуы ықтимал.

 

- Ішімдік ішіп суға түскен аса қауіпті.

 

- Сондай-ақ суда ойнап, өз шамасын дұрыс есептемей жүріп жарысу да қауіпті екенін ұмытпаған дұрыс. Суда қолданылатын серуен құралдарынан да аулағырақ болған жөн, әйтпесе олар тұншықтырып, жаралап кетуі мүмкін.

 

- Табаны батпақ, құмы көп, ұйыса су өсімдіктері өскен, жағалауына тайғанақ бетон төселген, аяқ тілетін тасты су көздерінде де сақтық шараларын үнемі есте ұстаған абзал.

 

Б. РЫСҚҰЛ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ