Бұл маусымда жұғатын дерт аз емес

13.06.2018
Қаралды: 130

Жайдары жаз күндерінде адам табиғат аясына әуес, онда тынығып, жан рахатын сезінеді. Дегенмен абайламаса, бұл кезде де адамды төңіректейтін дерттер бар. Сондықтан қандай аурудан сақтанып жүру керектігін білген абзал.

 

- Аптап ыстықтың тамырлар мен жүрекке зияны барын ұмытпаған жөн. Жалаңбас жүрмеген абзал. Жүрек-қан тамырларына ыстық өте жайсыз әсер етеді. Сондықтан күн өтуден сақтану керек.

 

- Жазда өкпе қабынуы да жиі кездесіп тұрады. Өйткені адам ыстық күн астында жүргенде өкпе өз мүмкіндігі шегінде жұмыс істейді. Одан су мен түрлі ыдыраған заттар өкпе арқылы буланып шығады. Сол кезде пневмония туындауы әбден мүмкін.

 

- Гипертониясы барларға күн астында жүру инфаркт қаупін туғызады.

 

- Ағзаға артық салмақ көп тү­сетіндіктен бронхит пен бронх демікпесі де осы кезде асқынады. Патогендік бактерия түссе, дерт бірден ушығады.

 

- Бұл кезде ангина да жиі кездеседі. Яғни денесі қызып, терлеп тұрған адам суық сусын ішсе, ол бірден көтеріледі.

 

- Жазда бөртпе, безеу, сары жара сияқты тері аурулары да адамға үйір. Сондықтан теріні қажет кезде арнайы маймен ылғалдандырып, күн сайын ауыспалы душ қабылдап тұрған дұрыс.

 

- Бұл кезде түрлі ішек аурулары да көбейеді. Сондықтан жеке бас гигиенасын, әсіресе қол тазалығын ұмытпау керек.

 

- Жазда адам суды көп ішеді. Бұдан бүйрекке түсетін салмақ артады, ол артық суды ағзадан шығаруға үлгермейді. Ағзада айналымдағы қан мөлшері артады. Бұдан созылмалы аурулардың қозуы туындайды. Ал бұл жүрек-қан тамырлары дерттері мен гипертониядан зардап шегетіндер үшін қауіпті.

 

- Сондай-ақ жаз кезінде жыныстық жолмен ауру жұқтыру қаупі де артады. Яғни кездейсоқ жақындасулардан да сақ болған дұрыс.

 

Т. БЕРІК.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ