Артрит, артроз оны асқындырмаудың амалы

24.05.2018
Қаралды: 362

Біздің редакциямызға келген хаттардың ішінде артрит пен артрозды асқындырмайтын амал сұраушылар көп. Оқырман өтінішіне орай біз бүгін үй жағдайында жасауға болатын бірнеше халық емін ұсынып отырмыз. Дегенмен емді бастамас бұрын емдеуші дәрігеріңізбен кеңесуді ұмытпаңыз. Өйткені кез келген дәрінің артық не кем мөлшері сізге кері әсер етуі мүмкін.

 

 

Ауру асқынбау үшін емге алма сірке суын қолдануға болады: 1 стакан суға 1 шай қасық қосып, күніне 5 рет ас алдында ішеді. Егер асқазанда кінәрат болса, алма сірке суының мөлшерін екі есе азайту керек. Емдеу уақыты – 2-4 апта. 

 

Картоптың көк түйнегін жақсылап жуып, қабығын аршымастан үгітесіз. Ыстық суға салып, 38 градусқа дейін қыздырасыз. Жылы күйінде буындарға 1-,5-2 сантиметрдей қалың етіп жағып, сыртынан целлофанмен орап, ұйқыға жатуыңызға болады. Арасына ауа кірмеуін қадағалаңыз. Қатарынан жеті күн жасап, одан кейін буынның ауыруына қарай қажет кезде қайталауыңызға болады.

 

Сарымсақтың 5 түйірін майдалап езіп, 0,5 литр араққа қосып, 10 күн тұндырасыз. Күніне 3-4 рет ас алдында 1 ас қасықтан ішіп жүру керек. Тым ащы деп санасаңыз қайнаған 3 ас қасық суға араластырып ішесіз.

 

Түйежапырақтың (иттікен, лопух) тамырын жуып, майдалап турайды. Ыдысқа салып, бетін 3 сантиметрдей етіп жапқанша арақ құясыз. Қараңғы, салқын жерге 3 аптаға қою керек. Шайқап тұруды ұмытпаңыз. Тұнбаны ауырған жерге жағасыз. Шай қасықпен күніне 3 рет, астан жарты сағат бұрын ішуге де болады.

 

Артрит, артроз, ревматизм кезінде 1,5 шай қасық жүгерінің кептірілген шашағын 200 грамм қайнаған суға салып, 3 минут қайнатасыз. Оны 1 ас қасықтан күніне 3-4 рет, астан жарты сағат бұрын ішу керек.

 

Е. ЕРКЕЖАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ