Азықтан тиылған ағза қандай өзгерістерге бейім?

25.05.2018
Қаралды: 302

Жылына бір келетін қасиетті Рамазан айында ауыз бекіту кезінде ағзада болатын өзгерістер жайлы айтпай кету мүмкін емес. Олай болса, ғалымдар мен дәрігерлер қауымының көп жылғы зерттеулерінің қорытындыларына үңіліп көрелік.

 

Бүгінде көптеген ел­дерде ашықтыру ар­қылы емдейтін клиникалар ашылған. Сондай бірқатар емдеу орталықтарында жүр­гі­зіл­ген бақылау мен тәжі­рибе кезінде ракты, қант диа­бетін, қан қы­сы­мының кө­те­рілуін, бас­қа да бірнеше қа­терлі дерттерден ашы­­ғу ар­қы­лы айығуға болатыны дә­лелін тап­ты. Сөй­тіп әлем­дік медицина ғалымдары оразаның денсаулыққа зор пайдасы барын мо­йындады.

 

Атап айтқанда, ора­за жүйке жүйе­сіне, жүрекке, қан айналымына, ас қо­рытуға, бауырға, бүйрекке, өкпеге, барлық ішкі ағза мүшелеріне шипа бола алады екен. Таратып айтар болсақ, тамақ ауыз қуысынан асқа­зан­ға жет­кен­­ соң жүйке жүйесі бүкіл ағзадағы органдарды іске қосады. Мұны бір де­ңіз­. Ал аш ішекте тамақтың құрамындағы пайдалы заттар түгелдей дерлік қанға ауы­сады, сол кезде ағзадағы барлық ор­гандар екпінді жұмыс­қа кіріседі. Бұл оразаның ішкі ағза жұмысын белсен­ді­руге байланысты екінші пайдасы.

 

Әдетте асты қорыту үшін ішек-қарын 8 сағат жұмыс  жасайды, адамның  ас қорыту органдары дүниеге келген сәт­тен  бастап тоқтамай жұмыс жасап келеді. Ал ораза ұстаған кезде ішек-қарын кем дегенде  4-5 сағат демалады. Осылайша жылдар бойы жи­налған түрлі қалдықтардан тазаруға, дерттен айығуға мүм­кіндік алады.

 

Рамазан айында адам барынша сабырлы болуына байланысты жүйке жүйесі демалады да, осылай адам көп аурудан аман қалады.

 

Ораза кезінде бауыр да өте жақсы­ демалады. Ағзадағы осы бір нәзік сүзгінің 500-ден астам атқаратын қыз­меті бар екен. Ол қанды қоюландырмай, сұ­йық күйде ұстап тұруға көмек­теседі. Ал бү­гінде жасарып және көбейіп бара жатқан инсульт, инфаркт, сал ауру­ла­рының түп төркіні осы бауырдың нашар­­лығы­нан болады. Одан бөлек, ағзадағы барлық химиялық процестер, соның  ішінде май­ды ыдырату бауырда атқарылады.  Сонда да болса бас­қа органдармен салыс­тыр­ғанда бауыр­ сирек ауырады, бірақ салмақ көп түссе әлсіреп қалады.­

 

Бүгінде иммунитеттің әлсіз­дігі туралы жиі айтылады. Иммундық тапшылық­ көп ауруға жол ашатыны да белгілі. Ал оның әлсіздігі, түптеп келгенде, бауырдың әлсіреуінен болады. Оразаға мұның не қатысы бар дерсіз. Ашығу кезінде бауыр күніге 4-5 сағат демалуға мүмкіндік алады екен, ол осылай күш-қуат жинайды, соның арқасында ағ­заның қорғаныс қа­білеті артады,  ас­қазандағы ас та толық қорытылады.  Ал тәуір тыныққан бауыр токсиндерді тез ыдыратып, сыртқа шығарады.

 

Бүйрек те ауыз бекіту кезінде тынығып, жұмысын жақсарта түспек.

 

Оразаның жүрекке пайдасы жөнінде айтпай кетуге болмас. Рамазан айында әсіресе ауыз бекіткен адам са­бырлы болады, ағза мүше­лері демалуына байланысты оның қан тамырлары да тынығады, қан түйір­шіктері тазаланады, асқазан да жеңіл­дейді. Осының бәрі жүрекке төнген қатердің алдын алып, мазалап жүрген дертті жеңуде де жәрдем.

 

Тағы бір айтарымыз, ашыққан кезде қанның құрамындағы холестерин азаяды. «Ораза ойлау мен есте сақтау үшін де пайдалы, – делінеді дерек­тер­де. – Бастағы мидың жасушалары өте нәзік, бірақ оның атқаратын жұ­мысы өте күрделі, олар жүйке жүйесінің жасушаларымен тығыз байланыста, ал мидың қорегі қаптаған қылдай қан­тамыр­лары арқылы келеді.

 

Асқазанға тамақ түскен кезде ас қо­рытуға көп азық керек болады да, айналымдағы қан миға жетпей, ас­қазан­ға ауысады. Тамақты жеген са­йын адамда жалқау­лық пайда болып, ұйқы баса­ды. Ал оразада мидың жұ­мы­сы жақсарады, себебі оны­мен таласатын ішек-қарын жұмыссыз «ұйықтап» жатады».

 

Міне, ауыз бекітудің денсаулыққа тигізер пайдасы осындай. Деніңіз сау, ниетіңіз қабыл болғай!

 

Д. ӨМІРБЕК.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ