Шиенің жапырағы да шипа

21.05.2018
Қаралды: 511

Жақын күндерде шие піседі. Емдік қасиеті ежелден белгілі оны халықтық медицинада тәбетті ашып, ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартуға қолданады. Ол қабынуды басып, зақымдан­ған органдар жұмысын қалыпқа келтіруге септігін тигізеді. Шие сөлі артық салмақты адамдардың қан қысымы мен тыныс алуын­ реттейді. Биологтердың мәлімет­теріне қарағанда, шие шырыны немесе тосабы зәр шығару жүйесінің жұмысын да реттейді.

 

 

Ем үшін шиенің жемісін ғана емес, жапырағын да пайдалануға болады екен. Ал пісіп тұрған жемістерінің сабақтарын қуық қабын­ған­да, бүйрекке тас байлан­ған­да, іш өткенде, шемен ауруына пайдаланады. Ол үшін ұнтақталған шие жемістері сабақ­тарының­ 10 грамын 1 стакан суға салып 10 минут қайнатады да, 1 ас қасықтан 3 рет ішеді.

 

Райхан ӨСКЕНБАЕВА.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ