Йод жетіспесе де қауіпті

17.05.2018
Қаралды: 165

Йод – адамның қалыпты өсуі мен дамуына қажетті микроэлемент. Ағзада оның жетіспеушілігі ауру тудырады. Соның ішінде аса қауіптісі – эндемиялық зоб. Мұның салдарынан көптеген аурулар, мәселен, түйінді құрылымдар мен қатерлі ісіктер дамуы мүмкін.

 

 

Йод жетіспеушілік ауруларының ең ауыр түрлері – балалардың ақыл-есі мен дене біті­мі дамуының кешеуілдеуі, жыныс органдарының жетілмеуі, жүкті әйелдердің түсік таста­уы немесе керең, көзі көрмейтін, ақыл-есі кем бала тууы.

 

Еліміздің көптеген аймақтарында йод же­тіс­пеушілік салдары байқалады. Әсіресе  Қа­зақстанның Оңтүстік және Шығыс бөлі­гін­де көптеп кездеседі. Йодқа аса мұқтаж аудандар­ға таулы жерлер мен теңізден алыс орналасқан аумақтар кіреді.

 

Зобтың эндемиялық сипатта дамуы жаппай алдын-алу шараларын жүргізу қажет­тілігін тудырып отыр. Ең біріншіден, азық-түлік өнімдері мен су арқылы тұрғындарды йодпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру қажет. Сол себепті йод жетіспеушілік ауруларына алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізу керек. Оның алдын алудың ең бір тиімді жолы – йодпен байытылған теңіздің – ұсақ жән­діктерін, балықтарын, балдырларын тағамға пайдалану. Сонымен қатар тағамға йодталған тұз, байытылған ұнды пайдалану. Йодтың 90 пайызын адам тағамнан, ауа мен судан қалған 10 пайызын ғана алады. Сондықтан йод жетіспеушілігінің алдын алуда дұрыс тамақтану басты рөл атқарады.

 

Л. ТУРТАЕВА,

Әл-Фараби ауданы Қоғамдық

Денсаулық сақтау басқармасының

бөлім басшысы.

Шымкент қаласы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ