Холестерин мөлшерін төмендетуге болады

09.05.2018
Қаралды: 299

Холестерин уақыт өткен сайын тамырларда жиналады да, қанның бір қалыпты ағысына кедергі келтіріп, жүрекке күш түсіреді. Мен мұның себебін және оны емдеудің жолдарын білу үшін көп ізденіп, бірнеше медициналық кітаптарды ақтарып шықтым. Нәтижесінде көптеген шөптердің холестеринге қарсы әрекет ете алатын білдім. Сосын шөптердің қайнатпасы мен тұнбаларын дайындадым.

 

Әрине, шөптен жасалған дәрілерді бірден пайдалануға болмайды. Алдымен қанның анализі арқылы «жаман» холестерин мөлшерінің қанша көтерілгенін анықтап алған дұрыс. Сосын шөппен емделе бастадым. Сол емдердің бір­нешеуін назарға ұсынуды жөн көрдім.

 

1 литрлік шыны ыдысты қызыл жоңышқаның (клевер) гүлімен толтырып, оның үстіне толғанынша арақ құйып, 2 апта қараңғы жерде ұстап, тұнбаны сүзіп, 3 апта бойы түскі ас алдында 1 ас қасықтан ішеді.

 

Қара андыздың (девясил) тамырын ұнтақтап, 2 ас қасығын қара бөтелкеге салып, үстіне 200 грамм арақ құясыз. Мұны 20 тәулік қараңғы жерде ұстайсыз. Сосын сүзіп, күніне 2-3 мезгіл 15 тамшыдан қабылдайсыз.

 

Қандағы «жаман» холестериннің мөл­шерін мия (солодка голая) тамырынан жасалған тұнба арқылы азайтуға болады. Өйткені мия адам ағзасында «жаман» холестеринмен бөлінбес бөлшекке айналып, сыртқа өзімен бірге алып шығады.

 

Мияның кептірілген тамырын ұнтақтап, 1 шай қасығының үстіне 1 стакан қайнап тұрған ыстық су құйып, 20 минут сулы ваннада ұстау керек. Сосын 20 минут тұндырып, күніне 4 мезгіл 1 шай қасықтан қабылдайды.

 

Сәрсен БЕКБОЛАТОВ.

Жамбыл облысы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ