Ағарған шашты қарайтады екен

19.04.2018
Қаралды: 824

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Егіндібұлақ ауылының тау-қырат, жоталарынан аршаны көптеп кездестіруге болады. Егіндібұлақты аршаның отаны десем артық болмас.

 

 

Арша дәні қанды тазартатын нағыз табиғи дәріхана. Емдеу тәсілі: бірінші күні аршаның бір дәнін шайнап жеу керек. Екінші күні екі дән. Осылай жалғастыра отырып, үш аптада 21 дән жейсіз. Ал жиырма екінші күннен бастап дәнді бір данаға азайтасыз. Осылай соңғы бір дән қалғанда қаныңыз толық тазарады!

 

Аршаны үйді аластауға да қолданады, ол денедегі суықты шығарады. Ал оның дәнін қайнатып ішсең, ағарған шашты қарайтады.

 

Бірақ арша дәнін өте абайлап тұтыну керек. Әйтпесе бала көтере алмай қалуыңыз мүмкін. Оның осындай зиянды әсері де бар. Ертеде ешкі аршаның бүрін ұрғашы итке, малға жегізген екен. Сол кезде ит те, мал да қысыр қалады дейді.

 

Негізі арша ағашы екі түрге бөлінеді. Оның ұрпақ сүюге кедергі келтіретіні – ешкі арша. Ал қой аршаны құманға салып, жылы су құйып, дарет алған. Ол қабынудан қорғайды.

 

Талғат ҚҰМАРБЕК.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ