Тиімді ем түрін айтады

26.04.2018
Қаралды: 514

Газетіміздің өткен жылғы 19-шы нөмірінде біз алматылық дәрігер Жанар Өмірқұлқызы (суретте) жайлы жазған болатынбыз. Халық емі тәсілдерімен ем жүргізетін дәрігер газет оқырмандарына бірнеше рецепт ұсынған екен.

 

Холестеринді азайту

 

Бұл рецепт қан құрамындағы холестеринді ерітіп, тамырды тазалауға септігін тигізеді. Ол үшін 2 ас қасық лимон шырынына (жаңадан сығып алынған болуы керек) 1 ас қасық шүйгіншөп (валериян) тамырының тұнбасын, 3 ас қасық бал қосып араластырады. Оның үстінен  1 стакан қайнатылып, сал­қындатылған су құяды. Осыны 6 тәулік тұндырып қою керек. Белгілі мерзім өткен соң күн сайын астан 30 минут бұрын 35 тамшыдан ішеді. 15 күн жасап, 10 күн демалып, емді тағы бір рет қайталауға болады.

 

Қан қысымын түсіреді

 

Жаста да, ересекте де кездесетін қан қысымының көтерілуі көктемде өршитіні белгілі. Сондықтан осы мезгілде пияз қабығынан жасалған қайнатпаны ішіп жүргеннің пайдасы көп. Ол қанды қоюланудан сақтайды, айналымын реттеп, қысымды қалыпта ұстауға көмектеседі. Ол үшін 1 бас кәдімгі пияздың қабығын жуып, 1 стакан суға бұрқ еткізіп бір қайнатып алу керек. Сосын сүзіп алып, сәл суытқан соң жартысын таңертең, жартысын кешке ішеді. Әр күнгі дәріні жаңадан әзірлеу арқылы 10 күн ішіп, 5 күн демала отырып, үш рет қайталау керек.

 

Геморройға ем дейді

 

Рауғаш (ревень) тамырынан 30-40 грамды 300 миллилитр суға 7 минут ақырын қайнату керек. От баяу жануы тиіс. Оны 1 сағат бұқтырып, таңертең және кешке ас алдында бөліп ішеді. Жеті күн жасағанда нәтижесі білінуі тиіс.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ