Сіз білмейтін тағы бір қызық

23.03.2018
Қаралды: 777

Витамин (вита + амин) «өмірлік қа­жетті амин» де­генді білді­реді. Бұл ұғымды бұдан бір ға­сыр бұрын (1902 ж.) поляк хи­мигі Каземир Функ ендірген.

 

Бүгінде витамин деп аталатын 13 түрлі зат бар. Олар майда еритін (А, Д, Е, К) және суда еритін (С мен В тобының витамин­дері) бо­лып бөлі­неді. Осының ішінде Д, К және В3 витаминдерін адам ағзасы өзі түзеді, қалғандары ағ­заға азық арқылы түседі.

 

А витамині көз бен бауырды қорғайды, жарақаттарды жазады, В тобының витамин­дері зат алмасуына атсалысады, жүйке жүйесінің жұмысын реттейді, С вита­мині ағзаның инфекцияға төзімін арттырады, Д витамині сүйектерді нығайтады, Е – қартаюды тежейді.

 

Адам ағзасының С вита­миніне сұранысын қанағат­тандыру үшін күніне 5-6 түйір балғын көкөністер жеу керек. Сол сияқты, басқа да қажетті витаминдер адам ағзасында күнделікті жеткілікті мөлшерде болғаны дұрыс.

 

Адам кейде өзінің білмес­ті­гінен, сол сияқты, зиянды әдет­терінің кесірінен де вита­миннен айырылады. Мысалы, ас­пиринді көп ішсе, ағзадан С витамині көп жойылады, темекі А, С, Р витаминдерін, алко­голь А ви­тамині мен В то­бының вита­миндерін жояды. Тоңазытқышта үш күн тұр­ған көкөністер ви­таминдердің тең жартысына жуығынан айы­­­рылады. Жабайы жеміс­терден гөрі қолда өсіріл­ген жемістерде витамин аз.

 

Арнайы қорғаныштық қабатта шығарылған дәріханалық по­ливитаминдердегі пайдалы заттар 2-ден 7 жылға дейін өз қа­сиеттерін сақтай алады.

 

Қалада тұратын адамдарда ультракүлгін сәуле арқылы түзілетін Д витамині аз, себе­бі қала ауасы лас. Сондықтан қа­лалықтар ағзаны Д витами­німен қамтамасыз ете­тін жағдайды әрдайым қаперде ұс­тағандары абзал.

 

Жалпы, өмірге аса қажетті бұл аминдерді әрдайым назарда ұстап, олармен ағза­ны қа­жет­ті деңгейде қамтамасыз етіп жүру керектігін ұмытпаңыз демекпіз.

 

Ж. ҚАСЫМ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ