Адыраспанды да «шегіп» көргенбіз

19.03.2018
Қаралды: 382

Мен бұл рецептті бұрын білмеуші едім, Алғашында сенбе­генім де рас. Ал өзім емге қолданып көрген соң нәтижелі екеніне көзім жетті.

 

Бірде ангинам қатты көтеріліп, қайтпай қойды. Он шақты күн дәрігер берген дәрілерін ішіп, күтініп жүрдім. Бәрібір кетпеді. Сұйық астың өзін қиналып, зорға ішетінмін. Жаным қиналған соң тамақ басатын апаға бардым. Ол үш күн қатарынан қанын шығарып тұрып басты. Қайтпады. Жұмысқа қабағым кіртиіп, өзім әлсіреп барғанмын. Бірге істейтін жігіт адыраспанды темекі орнына шексең тез кетеді деді. Солай істедім. Екінші күні-ақ дұрыс­тап ас ішетін болдым. Содан қазір ангина көтерілсе тамағымды соның түтінімен бұлаймын. Құдайға шүкір, қазір мұздай суды қорықпай іше беремін. Жақсы ем екен.

 

Төлеу ҚАЙРАТҰЛЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ