Қан қысымын қайтаратын тұнба

13.03.2018
Қаралды: 419

Мен өзім білетін халық емі туралы жазсам ба деп едім. Бұл амал қан қысымы көтеріліп, маза қашқанда, иммунитет төмендеуі мен ағзаның жалпы әлсіздігінде  өте жақсы көмектеседі. Оның әсіресе аденома мазалайтын ер-азаматтарға көмегі көп екеніне көз жеткізгенбіз.

 

 

2 уыс пияздың қабығын жақсылап жуып, эмаль ыдысқа салып, оның үстіне 700 миллилитр ыстық су құясыз. Енді оны баяу отта ақырын ғана 5 минут­ қайнатады. Оттан түсіріп, 1 сағат тұндырып қойған соң таза стерилді дәкемен сүзіп алу керек. Тұнбаның­ түсі қарақошқыл болса, үстінен аздап су құюға болады. Сосын 3 мезгіл тамақтан 30 минут бұрын ішеді. Емделу мерзімі – бір ай. Бір апта үзілістен кейін емді тағы бір қайталап жіберуге болады.

 

Жасы үлкен кісілердің көпшілігін осы уақытта жоғары­ қан қысымы мазалайтынын білеміз. Менің анам ондайда мынадай амал жасайды: 4 ас қасық емен күлін 1 литр суға қайнатып, 1 тәулік тұндырып қою керек. Сосын ерітіндіні бірнеше қабатталған дәкеден екі-үш рет өткізіп, күніне 3 рет тамақ алдында жарты стаканнан ішіп тұру керек. Емді 2 апта жал­ғастырып, 5 күн үзіліс жасап, қайта қолдануға болады.­

 

Кеудедегі сырылдан арылу­ үшін жұмсақ матаны сұйық майға барынша қанықтырып батырып алып, кеудеге қою керек екен. Киіміңіз былғанбас үшін сыртынан целлофанмен орауыңызға болады. Бұл процедура ұйықтар алдында жасалады. Осыны күнара 7 рет рет қай­таласа кеудедегі ысқырық, сырыл кетеді және бү­кіл дене жеңілденеді.

 

Меруерт ЫҚЫЛАСОВА.

Түркістан қаласы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ