Талай жанды обырдан құтқарыпты

14.02.2018
Қаралды: 408

Әңгіме обырдың 4-ші сатысы жайлы болып отыр. Ресейдің Санкт-Петербург қаласында тұратын Евгений Левченко есімді азамат осындай дертпен ауырған көптеген адамдарды қатерден құтқарып қалыпты.

 

 

Бұл азамат осыдан 9 жыл бұрын Псков облысынан келген Ирина деген әйелді сүйек обырынан (остеосаркома) аман алып қалыпты. Оған химиялық терапияның көмегі тимеген, сосын аяғын кескен екен. Ауру өкпеге шапқан, онда рактың 70-тей ошағы пайда болған, дәрігерлер күдер үзген екен. Ал Левченко операцияны өкпені қан айналымынан оқшаулап тастап жасапты. Содан химиялық терапия арқылы өкпедегі қатерлі ісіктер толық өлтірілген, сосын барып ондағы қан айналымы қалпына келтірілген. Ал оны оқшауламаған жағдайда дәрі асқазан-ішек жолына, жұлынға өтіп, пациенттің өліміне соқтырады. Ал әлгіндей операциядан өткен Ирина қазір сау-саламат жүріп жатыр екен.

 

Левченко осыған ұқсас 150-ден аса операция жасапты. Яғни осыншама адамды өлім қаупінен құтқарған. Дегенмен «химиялық перфузия» аталатын бұл тәсіл рак ошақтары ба­уыр, асқазан, мида емес, тек өкпеде болған жағдайда ғана оңды нәтиже береді екен. Ал мұндай ауру бүгінде жиі кездесетін көрінеді. Себебі жұрт темекіні көп шегеді, оның үстіне ауа жылдан-жылға ластанып, ауырлап келеді.

 

Дәрігердің айтуныша, рак жасушалары қандай мықты болса да жаңадан шыққан дертке уақыт өте бейімделеді. Сондықтан ол науқас өмірін бірер жылға ұзартудан басқа пайда бермей келеді екен. Ол түнде, қараңғы жерде ағзаға тәуліктік ырғақты реттейтін, оған қоса ісікке қарсы әсері бар мелатонин түзілетінін, сондықтан түнде ұйықтағанның дұрыс болатынын ескертеді.

 

Б. РЫСҚҰЛ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ