Педофилдерді кастрациялау туралы заң күшіне енді

17.01.2018
Қаралды: 1298

Қазақстанда өткен жылы 851 бала жыныстық зорлық көрген. Өкінішке орай, айтуға ауыз бармайтын мұндай қорлыққа жылдар бойы амалсыз төзіп келген жасөспірімдер де бар. Өйткені кәмелетке толмаған жеткіншектер қорлықты өзге емес, өз жақыны, танысынан көреді екен. Мұндай қысымға шыдай алмай, былтыр  175 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған.

Бұл ресми дерек қана. Статистика бойынша, зорлық көргендердің тек 12 пайызы ғана шағымдануға батылы жетеді екен.

Қоғамның  наразылығын тудырып келген бұл мәселеде заң талаптарын күшейту керегі жиі айтылып жүргені белгілі. Педофилдерге химиялық кастрация жасау жайы да көтерілгені есімізде. Баланың құқығын қорғауға бағытталған өзгерістерге Елбасы 2016-жылдың сәуірінде қол қойған болатын. 2018-ші жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Қазақстанда педо­филдерді мәжбүрлі түрде емдеу шарасын қарастыратын заңнама өзге­рістері күшіне енді.

Бұл ереже кәмелеттік жасқа толмаған балаларға зорлық көрсеткен 18 жастан асқан адамдарға қолданылады. Дегенмен кейбір мамандардың ойынша, химиялық кастрация нәтижесіз болуы мүмкін деген пікірде. Себебі ол уақытша ғана әсер ететін көрінеді.

Ж. ҚАСЫМ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ