Аластау мен ұшықтау арқылы сауықтыратын көріпкел

29.11.2019
Қаралды: 1222

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында тұратын Айжан атты емші жайлы жылы лебіз көп.

 

Көнеден келе жатқан халық емін игілікке жаратып отырған ол үшкіру, үзу, ұшықтау сынды тәсілдермен талай адам­ға шипа дарытып жүр. Жалпы, Айжан Демежанованың аянмен алдағыны білетін, алақанмен жылу жіберетін де қасиеті бар. Ол кісі емшілікке 2009 жылы аян арқылы келгенін айтады.

 

«Талай тылсым болды ғой. Соңында түсімде ақ сақалды ата келіп: «Бүгіннен бастап адам емдейсің. Сенің қол жайғаныңның өзі  ем болады», – деді. Өзім оған дейін де массаж жасайтынмын. Ал мына батадан кейін қолымда қуат, алақанымда ыстық жалын пайда болды. Адамның ауырған жеріне қолымды тигізсем, көзімнен жас аға жөнеледі. Сөйтіп оның бойындағы ауыртпашылықты өзіме тартып аламын. Келушілер бір сәтте жеңілдеп, қуанып қалады. Бар ауыртпалықты бойыма жинап алған мен көзімнен жас парлап жүріп өзімді аластаймын. Кейін келушілерді алдымен қамшымен алас­тап алатын болдым. Қолыма қамшы ұстағанда адамның ойын ғана емес, өткені мен болашағын да біле аламын. Бала күннен бүгінге дейінгі кезеңі көз алдыма кинолента сияқты келе қалады», – дейді Айжан Мұқашқызы.

 

Айжан апай ем іздеп келген адамдарды ауруынан айықтыру үшін емнің бірнеше тәсілін қолданады. Жоғарыда айтылғандай, қамшымен аластап алады. Сосын дұға оқып, дем салады. Массаждың неше түрін жасап, алақандағы емдік қуатты бағыттайды. Емделушілер әсіресе оның балмен жасалатын массажын мақтайды. Хиджама жасап, қазақтың үзбе емін жасайды. Бойды суық құрсаған, тұз жинал­ған жандарға от терапиясын қолданады. Емнің кейбір түрін ізденіс жолында өзі меңгерсе, бірқа­тары түсінде аян беріп, емшілік жолында жетегіне алған атаның айтуымен іске асады екен.

 

«Көпшіліктің қазіргі хиджама деп жүргені – қазақтың көнеден келе жат­қан қан алу деген емі. Оны маған ата аян арқылы үйретті. Банка алып келіп, мынадай нүктеге қоясың, осылай қан аласың деп жатыр екен. Ине терапиясын қытай танысымнан аттай қалап, қолқалап жүріп оқып алдым. Қазір, міне, ине де саламын, жеті жылдан бері дәл түсімде көргендей етіп хиджама да жасаймын.

 

Қазақша үзбе деген ем бар. Адамның арқа және іш жағынан үзбе жасаймын. Одан диабет те кетеді, өт жолы да ашылады. Әр жерде әртүрлі нүктелер болады. Сол нүктелер арқылы адамның қан қысымы мен қан қоюлығын анықтаймын, диагнозды да солай қоямын. Табанды да, бүйректі де солай «үземін». Үзген кезде, яғни тиісті нүктелерге қозғау салғанда қан айналымы жақсарады, ағза дұрыс жұмыс істей бастайды. Адамның арқа жағына арналған арнайы үзбе ағашым да бар. Қай адамға қандай ем жасау керегі жоғарыдан санама келген ақпараттан белгілі болады. Мен тек сол тылсым күшке бағынушы, екі ортадағы дәнекер ғанамын. Рас, менің емім қонбайтын адамдар да болады. Ондайларға бірден айтамын», – деп түсіндіреді мұны А. Демежанова.

 

Айжан апайдың тағы бір кереметі –  көріпкелдігі. Өткен жылы қажылық парызын өтеп келген соң бойында адамның ойын оқитын қасиет пайда болыпты. Сонымен қатар ол жоқ іздегендерге де көмектесе алады. Айжан апай қажетті ақпаратты қашықтан да ай­та береді. Алыстағы адамға дем де салады. Осыған байланысты ол кісі бірнеше ерекше оқиғаларымен бөлісті.

 

«Теміртаудан бір адам хабарласып, 500 қойы жоғалып кеткенін айтты. Қанша іздесе де таба алмаған. Сол сәтте атам маған: «Қыстақтан іздесін, екі күнде таппаса малы жоқ болады. 5-6 бас шығыны бар»,– деді. Кейін соны мен айт­қан жақтан тапты. Біреулер оны әдейі айдап әкеткен, жауын жауып кеткен соң иесі малдың ізін жоғалтып ал­ған.

 

Жамбыл облысынан бір келіншек үйінде алтын бұйымдар жоғал­ғанын айтып жылады. Мен оның баласы кезінде істі болғанын, үйіндегі алтынды сол алғанын көрдім. Жігіт: «Анашым, алтынды алған болсам, ақ сүтіңді ақтамай кетейін!» – деп ешнәрсені мойындамай отыр екен. Қай кезде, қалай алып, қайда жұмсағанын көзбен көріп, қолмен ұстағандай етіп айтып бергенде мойындамасқа лажы қалмады.

 

Емшілердің әр күні киноға бергісіз тосын да шытырман оқиғаларға толы болады. Ал жалпы емшілікке бет бұрған он жылда мастит пен мастопатияны алақан қуатымен, тапқан-таянғанын ойынға салып жіберетін жігіттерді қамшымен аластап, бала тастап қоя беретін келіншектерді биоток және массажбен, шошынатын жас балаларды ұшықтаумен емдеймін.

 

Маған сатуға қойған үйі өтпейтін адамдар да келеді. Он жыл сатылмаған үйі мен аластаған соң екі күнде сатылып кеткен жағдайлар болды. Мұндай оқиғалар өте көп», – деп еске алады емші.

 

Емшінің аластауға арналған екі қамшысы бар. Бірін жолдасының әжесі қайтыс болар шағында «киелі қамшы» деп беріп кетіпті. Екіншісін емделушілердің бірі сыйға тартыпты. Осы екі қамшы мен дұғалар күші тура жолдан адасқан талай адамның отбасына оралуына, жолының ашылып, бағы жануына, дертінен сауығып, жоғын табуына көмектесіпті. Әрине, келушілер бұл үшін Айжан емшіге дән риза. Ал емшінің өзі мұны Алла берген қасиет пен үнемі жанында, өзіне ғана көрініп, кімге қандай ем жасап, көмек беруді көрсетіп жүретін ақ сақалды атаның арқасы дейді.  

 

Айжан Демежанованың байланыс телефоны: 8-775-460-65-68.

 

Р. САҒАТҚЫЗЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ