Әлем әлі мойындамаған өзгеше ем

18.11.2019
Қаралды: 396

«Осыдан он алты жыл бұрын ұлым қатты суықтап ауырды. Оған өкпенің ісіп, күптеніп ауыруы (крупозное воспаление легких) деген диагноз қойылды. Өте күшті антибиотиктер салғанмен, дене қызуы қырықтан түспей, ентігіп, ауа жетпей алқынып, жөтелі үдей берді. Жағдай бұлай жалғаса берсе он жасар ұлымнан айырылып қалатынымды ұқтым да, тәуекелге бел будым. Оған әлі жылуы басылмаған жаңа жұмыртқаны укол етіп салдым.

 

Уколды әуелі өзіме салып көрдім. 2 миллигамм мөлшерінде. Жайсыз әсері болмаған соң Аллаға жалбарындым да, балама салдым. Сол күні түнде оның қызуы біртіндеп түсе бастады. Таңертең ас ішті. Араға бір апта уақыт салып жұмыртқадан 3 миллиграмм укол салдым. Осылай үш рет қайталағанда балам толық сауығып кетті.

 

Бүгінде менің жасым алпысқа таяды. Түрлі ауру мазаны алатыны рас. Ондайда өзім де осылай емделемін. Көмегі күшті. Бұл уколды Қытай мен Жапония кеңінен қолданады. Бірақ ол Ресей академигінің әдісі. Әттең, өзіміздегі жетістіктің игілігі өзгеге бұйырғанына ішім ашиды».

 

Ресейлік ақпарат құралдарының бірінде жарық көрген бұл хат бізді елең еткізді. Жұмыртқа уколы туралы іздестіріп көрдік. Белгілі болғаны – өткен ғасырдың 50-60-шы жылдары КСРО ғалымдары тірі тінмен емдеу жөнінде жаңа ізденіс бастайды. Сонда жансыз жұмырт­қадан тірі балапан шығатынына мән берген ресейлік академик С. Филатов ерекше бір тәжірибе жасап көреді. Ол жаңа ғана алынған жылы жұмыртқаны жақсылап араластырып, оны шприцпен алып, трофикалық жарасы бар адамға укол ретінде салады. Осыған дейін аурудың азабына шыдай алмай жаны қинал­ған науқас көп ұзамай жаны жай тапқанын айтқан. Тағы бірнеше инъекциядан кейін оның беті бері қарай бастапты.

 

Медицинада бұл жағдай төңкеріске тең келетін реакция туғызды. Ешкім сенгісі келмегенмен, тауық және бөдене жұмырт­қасының ағзаны сауықтыратын сансыз пайдасы бар екенін мойындауға тура келеді.

 

Өкінішке орай, Филатов бұл зерттеуін соңына дейін жеткізе алмапты. Дегенмен оның бұл тәжірибесін доктор Г.А.Ка­пус­­тин жалғастырып, адам нанғысыз нәтижелерге қол жеткізген. Оның тәжіри­бесі барысында жүздеген адам  онкологиялық дерт, бедеулік, экзема, асқазан жарасы, бронхиалды астма, ревматизм, артроз, өкпенің қабынуы, мастопатия сынды аурулардан айығыпты. Жұмырт­қа уколын бірінші рет салғанның өзінде адамдарда аурудың ас­қынуы тоқтап, сынама көрсет­кіштері жақсара бастаған. Бірнеше уколдан кейін ауруынан толық айыққан адамдар да бар.

 

Әйтсе де, неге екені белгісіз, дәстүрлі медицина бұл емді ма­құлдамайды. Бас-аяғы жиырма жылдай ғана өмір сүрген медициналық төңкеріс осылай аяқ­сыз, ескерусіз қалады. Емнің бұл түрі толық тексеру, бақылау, клиникалық сынақсыз жарты жолда ұмыт қалған. Әлде кері әсері бар ма, ол жағы беймәлім.

 

Бірақ жұмыртқа уколы Қытай мен Жапонияда әлі де қолданыста. Оны бірлі-жарым тәуекелшіл профессорлар жасайды екен.

 

Бұл емді Қазақстанда да жасайтын адам бар. Түркістан облысы, Келес ауданында тұратын Малика есімді медбикенің жұмырт­қа уколын салып жүргеніне бес жылға жуықтаған. Айтуынша, ол мұны Ташкентте медициналық колледжде оқып жүргенде бір акушерден үйреніпті.

 

«Үлкен ұлым ДЦП. Сол балам жиі шың­ғырып жылайтын. Содан тәуекел деп осы емді жасауға бел будым. Бірінші өзімнен бастадым. Кейін балама салдым. Шақалақ кезінде бірнеше рет салдым. Қазір жақсы.

 

Мен өзім мұны жария қылмайтын едім. Тек ауырған жақын туыстарға салатынмын. Бір танысыма салып едім, тәуір болған соң ол жан-жаққа айтып, жайып салды. Содан естіген адамдар келе бастады. Былтыр 8 ерлі-зайыпты келді, соның 5-еуі бала көтерді. Елордадан бір әйел келген. 18 жыл көтермеген екен. Қазір 4 жасар ұлы бар. Өзімнің құрбымның келіні де осының арқасында аман-есен ұлды болды.

 

Негізі жұмыртқа уколы асықпай тар­қайды, біртіндеп тарайды. Ағзада кемінде бір жыл жүреді. Өліп қалған клеткаларды тірілтеді. Сол үшін уколдан кейін бір-екі айда көтеріп кетеді дей алмаймын. Кемі бір жыл күту керек. Дұрыс күтініп жүру керек. Сонда мін­детті түрде нәти­жесі болады.

 

Мен өзім 17 жыл перзентханада жұмыс істегенмін. Осы емге бет бұрғалы үйдемін. Уколды аптасына 2 рет саламын. Емдік курс – 10 укол. Ол жамбас­қа салынады.

 

Неше түрлі адамдар келіп жатыр. Геморрой, простатит, артрит, полиартрит, ревматизм, киста, миома, алапес, диатез, псориаз, жүйке аурулары, қан қысымы, бүйрек ауруы, тіпті онкологиялық ауруға дейін жәрдемі бар. Мұны Г. А. Капустин де дәлелдеген ғой. Еш­қандай зияны жоқ. Тек жұмыртқаға аллергиясы болмауы керек. Өзім де міндетті түрде «проба» жасаймын. Уколды одан кейін ғана саламын.

 

Өткенде өзіміздің облыстың бір ауданынан жасы отызға жетпеген жігіт келді. Аталық ұрық әлсіреген. 30-ақ пайыз дейді Жас кезде күтінбеу, суықтауды елемеудің салдары ғой. Біраз уақыт ем алған соң тексеріліпті. Көрсеткіші кәдімгідей жақсар­ған. Үміті оянып, қуанышымен бөлісті. Осындай оқиғалар орын алып жатыр», – дейді Малика апай.

 

«Жұмыртқаны ала салып салмаймын, оны дайындаймын. Сосын келушілерге 2 сағаттың ішінде салып қоямын. Оған кез келген жұмыртқа жарамайды. Жұмырт­қа сапалы, жаңадан алынған болуы керек. Сол үшін тауық асыраймын.

 

Кез келген ем ауруды қоздырып барып шығарады. Жұмыртқа уколында да солай. Келушілерге мұны жақсылап түсіндіремін. Бұл уколдан кейін ванна қабылдауға болмайды. Жылқының етін жемеңіздер, қан қысымы көтеріліп кетуі мүмкін деп ескертемін. Мұздай су, бал­мұздақ, банан, мандарин жемей қоя тұрған жөн. Осы талаптарды орындаса, бұл уколдың көптеген ауруға шипасы бар», – дейді ол.

 

Міне, Келес өңірінде әлем әлі мо­йындамаған ем түрін жасайтын осындай жан тұрады. Әрине, біз ол кісіні насихаттап отырған жоқпыз. Тек «естімеген елде көп» демекші, мұндай да ем түрі бар екенін біле жүргейсіздер демекпіз.

 

Р. САҒАТҚЫЗЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ