Омыртқамен қоса бүкіл ағзаны оңалтады

15.01.2019
Қаралды: 528

Статистикаға сенсек, әлем халқының 85%-ында остеохондроз белгілері бар көрінеді. Сондай-ақ деректер түрлі жарақат, ауыр салмақ, отырықшы жұмыс, оқыс қимыл сияқты себептермен тағы 12–35% халықта омыртқааралық жарық – грыжа белгілері бар дейді.

 

 

«Ауырмаңыз!» газетінің оқырмандары арасында да грыжадан зардап шегушілер бар екенін білеміз. Олардың көпшілігі осы кеселден нәтижелі емдейтін маман іздестіріп жатады. Олардың өтініші бойынша біз омыртқа ауруын емдейтін дәрігер Сұлтан Сатаевпен сұхбаттасқан болатынбыз.

 

– Сұлтан Мұхтарұлы, сіз омыртқа ауруларын, соның ішінде грыжаны емдеуге маманданған дәрігерсіз. Бұл ауруды қалай емдейтініңізді айтып беріңізші.

 

– Мен негізі жоғары білімді дәрігермін. Яғни адам ағзасы, ауру себебі мен оны емдеу жолдары менің негізгі бағытым. Жұмыс барысында грыжа аурулары көп екеніне көзім жетті. Бұл емделуі қиын, оңалуы ұзаққа созылатын кесел. Сондай-ақ оған шалдығушылар қатары да көп. Грыжа мазалады деп келу­шілердің көпшілігі қанша жыл емделсе де оңды нәтиже болмайтынын айтады. Осыған байланысты мен грыжаны нәти­желі емдейтін тәсілдерді із­дестіре бастадым. Бұл ретте ресейлік академик Богданов Юрий Николаевичтің көмегіне жүгіне­тіндер көп. Ол кісі асқынған грыжаны да операциясыз емдеумен әлемге танылған жан. Мен осы профессордан дәріс алдым, грыжаны кешенді емдеудің қыр-сырын меңгердім. Ресейдің Екатеринбург қаласынан жақында ғана келдім. Юрий Николаевичтің кеңесімен ол жақтан омыртқа грыжасын операциясыз емдеуде жоғары нәтиже беретін арнайы емдік кереуеттер алып келдім.

 

– Ол қандай кереует?

 

– Бұл тап осы грыжаны емдеуге арналған компьютерлік бағдарлама енгізілген арнайы кереуеттер. Әлемде сұранысы жоғары, медицинасы дамыған мемлекеттерде қолданылатын арнайы қондыр­ғы. Оған жиырмаға жуық бағдарлама енгізілген. Яғни ауырған адамның диагнозына қарай бірі вибрациялық, екіншісі роликті керілу-созылу массажын жасайды. Осы арқылы бір-біріне кірігіп немесе қажалып қалған омыртқа дискілерін созу, тарту, түзеу ар­қылы ем жасалады. Әрине, мұның барлығы да дәрігердің бақылауымен жүзге асырылады. Ресейде осы қондырғының арқасында ота жасамаса болмайды делінген және жүріп-тұрудан қалған жандар грыжадан құлан-таза айығып кетіп  жатыр.

 

– Яғни грыжаны емдік-компью­терлік кереует көмегімен емдейсіз ғой?

 

– Бұл күрделі процесс. Алдымен науқастың жағдайын бағамдау керек. Омыртқа дискілері қажалған ба, ондағы сүйек тығыздығы қандай, мүмкін жүйке талшығы қысылып қалған болар, түйін болса, ол қай жерде, көлемі қандай, саны қанша, осының бәрін анықтау маңызды. Соған қарай әр адамға жеке бағдарлама түзіледі. Емді бастағанда алдымен науқастың денесін қыздыру арқылы босаңсытып аламын. Ол үшін кейбіреуге массаж жасалуы немесе парафин қойылуы мүмкін. Енді біреулерге фитобөшкеде бұлану ұсынылады. Фитобөш­кедегі түрлі емдік өсімдіктер қайнатпасының буы ағзаны тазартады, суықтау мен қабынудан болған ауруларға ем жүре бастайды. Сонымен қатар жылы бу денені босаңсытады. Осыдан кейін  келушіні кереуетке жатқызамын. Омырт­қаны жаймен керіп-созу процесі осы кезде жасалады. Мойын және бел омырт­қасы, грыжа, сколиоз, тізе және немесе басқа буындардың ауруы, бұлшық еттердің тартылуы, семіп қалуы сынды кеселдердің бәрінде науқастың жағдайы компьютер арқылы бақылауда болады. Яғни науқас жаттығу жасаймын деп күш-қуат жұмсамайды. Ол тек жылы температураға негіз­делген кереуетте жатады. Арнайы белбеумен орап қой­ғаннан кейін оның омыртқасына массаж жасалады және омыртқа дискілері қозғалысқа түседі. Аурудың жеңіл түрінде науқас 8-10 күнде толық сауығып кетеді. Ал күрделі жағдайда екі немесе үш курс­тық ем барысында ауруды толық жеңуге мүмкіндік бар.

 

– Осы жерде ауру түрлеріне тоқталып өтіңізші. Бұл бағдарлама бойынша қандай сырқаттардан сауығуға мүмкіндік бар?

 

– Біз дәріс өткен кезде әлемнің әр елінен келген адамдардың алдында профессор: «Омыртқадан бастау алатын барлық ауруды толық, құлан-таза емдеуге болады. Грыжаны емделмейді, жазылмайды деу – қателік. Бастысы – дұрыс бағдарлама түзу. Сонда емдел­мейтін адам болмайды», – деген болатын. Тәжірибе барысында мұның шындық екеніне көзім жетті. Жоғары білімім бола тұра менің Ресейге арнайы ба­руым­ның себебі осында. Қазір кәсіби буын кеселдерін, мойын және кеуде, бел омыртқадағы ауруларды, құяң, ондағы тұз жиналуы, остеохондроз, протрузия, сколиоз, тіпті артрит, артрозды, жарақаттан кейінгі бұлшық еттің тартылуын емдеп жүрмін. Келушілер екінші күннен-ақ оңды әсерін сезіп жатады.

 

Бұл кешенді ем болғандықтан бір уақытта бірнеше ауру түріне қатар ем жасалатынын айта кету керек. Мысалы, фитобөшке қуық, жатыр, бүйректің суықтауы, бұлшық еттердің тартылуына ем. Ол қан айналымын, жүйке талшықтарының жұмысын жақсартады, тамырдың түйілуін тарқатады. Денедегі тұздар кетеді. Одан кейін кереуетте емдік жаттығу жасалғанда омыртқа ғана емес, барлық сүйек буындары қозғалысқа түседі. Ем барысында жоғары және төмен қан қысымы қалыпқа келеді, зат алмасуы жақсарады. Миға оттегі баруы реттеледі. Бұл бас сақинасы, невралгия, неврит, сүйекішілік қысым, бастың үздіксіз ауыруына да шипа деген сөз. Кейбіреуде омыртқаның қисық болуы себепті бүйрек, қуық аумағы ауырады. Енді біреуде желке тартылады. Әйел­дердегі жатыр ауруларының бір себебі де осында. Омыртқаның қай дискісінде зақым бар, соған қарай адамда естудің және көрудің нашарлауы, аллергия, тыныс алудың қиындығы, ентігу, ұйқының бұзылуы, ашушаңдық, себепсіз болдыру, тіпті ларингит, тонзиллит сияқты тамақ аурулары болуы мүмкін. Біздің бағдарлама осының бәрін кешенді түрде қарастырады. Мұны омыртқа аурулары деп атағанымызбен, шын мәнісінде бүкіл ағзаға ем жасалады. Өйткені омырт­қа – ағзаның ұстыны, бүкіл ішкі органдарды ұстап тұрған қалып емес пе?

 

– Ал грыжаға ота жасалған болса ше?

 

– Богданов басшылыққа алған емдік бағдарламаның кереметі сол – онда ДЦП, сал аурулары, инсульттан кейінгі аяқ-қолдың семіп қалуы, операциядан кейінгі оңалту мәселесі де қарастырылған. Сондықтан онда керілу, құрғақ созу, тарту, жаттығу, нүктелі және айналмалы массаж, бәрі қарастырылған. Науқас емнен кейін екі сағат тегіс және қаттылау төсекте жатып тынығып, одан кейін корсет киюі тиіс. Ем кезінде ауыр көтермеу, оқыс қимылдан аулақ болу, суыққа ұрынбау маңызды. Яғни күтіну шарт. Алыстан келушілерге жатын орын қарас­тырылған.

 

– Уақыт бөлгеніңіз үшін рахмет.

 

Сұхбаттасқан – Р. ОРДАБЕК.

 

Редакциядан: Дәрігер Сұлтан Сатаевтың байланыс нөмірі –

8-747-636-61-77, 8-705-685-55-70.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ