Күніңізді бір кесе су ішуден бастаңыз

20.09.2018
Қаралды: 227

Пайғамбарымыз хадистерінде: «Адам екі нәрсенің қадірін білмейді: бос уақыт және денсаулық» дейді. Денсаулықтың қадірін көбіне біз ауырған кезде ғана біліп, түйсініп жатамыз. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың амалын жасаудың жөн екенін, өкінішке орай, екінің бірі түсіне қоймайды. Ал ол түк те қиын емес.

 

 

Күніңізді бір кесе мұздай су ішуден бастаңыз. Ұйқыда жатқан кезде залалды заттар өңеш пен ішекке жиналады да, ұйқы ашылған соң ол денеге қайта сіңе бастайды. Ал су ішу сол залалды заттарды шайып әкетеді.

 

Ұйқы, тамақтың кестесін сақтау арқылы адам көптеген аурудан аулақ болады.

 

Күнде таңертең 15-20 минуттай дене жаттығуын жасауға уақыт бөліңіз. Ол күні бойы сергек жүруге, иммунитеттіңіз көтерілуіне, жұмысқа деген қабілет пен есте сақтауды да жақсартуға көмектеседі.

 

Есіңізде болсын: 20 минуттық дене жаттығуы денсаулықты сақтауға көмектеседі. Ал 30 минуттық жаттығу денсаулықты жақсартады, 50-60 минуттық жаттығу денсаулықты нығайтып, аруларыңыздан айығуға әсерін тигізеді.

 

Күнде таңертең тамақ алдында бір шай қасық балды мұздай суға ерітіп ішіп жүріңіз. Қайнаған судан гөрі, тірі суға, яғни қайнамаған суға балды қосып ішкеннің пайдасы зор. Нәтиже: ұйқы жақсарады, өзіңізді сергек сезінетін боласыз.

 

Күн сайын үш-төрт дана құрма жеңіз. Құрманың пайдасы да ұшан-теңіз. Қазір құрманы үлкен қалалардың дүкендерінен табу онша қиын емес және бағасы да арзан.

 

Ұйқыға кешкі 22-де ұйқыға жату керек. Өйткені түнгі сағат 22-24 аралығында жүйке жақсы демалады. Дәл осы кездегі бір сағат ұйқы екі сағатқа тең келеді. Ал таңертең сағат алтыдан аспай төсектен тұрып кеткен абзал.

 

Жасап көріңіз, жақсы нәтижесін көпшілікпен бөлісуді ұмытпаңыз!

 

Д. ӨМІРБЕК.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ