Доктор Гришконың керемет рецепттері

20.08.2018
Қаралды: 547

Ресейлік терапевт Евгений Гришко жиырма бес жылдан аса уақыттан бері науқастарды халық емі тәсілдерімен емдеп келе жатқан жан. Оның есімі басқа дәрігерлер «адам болмайды» деп емделуінен күдер үзген науқастарды да толығымен емдеп жазуы арқылы аңызға айналған.

 

 

Денсаулықты ағзаға ешқандай зиянсыз, әрі толық емдеп жазуға тиіс деген ұстанымдағы Е.Гришко ғаламтордағы жеке парақшасында бірнеше халық емі тәсілдерін жазған екен. Біз соның біразын аударып, оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

 

Қызыл иек қабынса...

 

Салқын су ішкеннен, құрт жегісінің асқынуынан тіс түбі – қызыл иек ісініп, қызарып, ас жеу­ге кедергі келтіретіні бар. Мұндайда таңертең және кешке қызыл иекті жұмсақ щеткамен 3 минуттай ысқылап, массаж жасау керек. Алдымен щетканы ыстық суға жақсылап жуып ал­ғаныңыз жақсы.

 

Бір стакан суға дәріханада сатылатын «Витаонның» бірнеше тамшысын жылы суға араластырыңыз. Енді осымен суды ұртыңызға толтыра алып, 2-3 минуттай аузыңызда ұстаңыз. Щетканы осы суға салып, тіс түбін ысқылау керек.«Витаон» орнына шалфей, түймедақ тұнбасын пайдаланса да жолады.

 

Кірпік текке түспейді

 

Қастың түсіп, сиреуіне тамақтану тәсілі мен сыртқы орта да әсер етеді. Қас та солай. Оны қалыпта ұстау үшін тазартылмаған зәйтүн майының 1 шай қасығына дәріханалық камфор майынан 2-3 тамшы араластырыңыз. Оған таза дәке немесе мақта батырып, қас пен кірпік үстіне 5-10 минутқа қойыңыз. Бұл кезде көзді жұмып, тыныш жатқаныңыз дұрыс. Қас пен кірпік қатайып, ұзарып, жылтырай бастағанын бір аптадан кейін байқай аласыз. Ал емді 15-20 күн жалғастыруға болады.

 

Қатерлі ісік (рак)

 

Өкінішке орай, қазір түрлі қатерлі ісік дерті көбейіп келеді. Оның қатерсіз және қатерлі болып екіге бөлінетіні белгілі. Қатерсіз ісік баяу өседі, үлкейсе тек айналадағы ағза мүшелерін ары жылжытуы мүмкін. Содан оларға қысым түседі. Ал рактың қатерлі түрі жылдам өседі, ағза тіндеріне қарай жылжып, оны бүлдіріп, зақымдамайды. Өскен сайын жанындағы ағза мүшелеріне де «жұқтырып», ауру ошағы кеңейе береді. Оның адам өмірін қысқартуының басты себебі де осы.

 

«Медицинада қатерлі ісік жайлаған клеткаларды сәулемен өлтіру арқылы ісіктің өсуін уақытша тежейді. Бірақ сәуле ағзаға зиян, мұның түпкі нәтижесі мәлім. Ал табиғатта ағзаны қуаттандырып, оның қатерлі ісікпен күресуін күшейтетін, сол арқылы ісіктің үлкеюі, таралуына тежеу салатын емдік шөптер көп. Рактың түріне қарай шипалық шөптердің де түр-түрі қолданылады», – деген дәрігер қатерлі ісік диагнозы қойылған адамға (оның қай түрі болса да) ағзаны қуаттандыру және ауруға қарсы күресін күшейту үшін мынадай амал жасауды ұсынады:

 

Самырсын жаңғағының (кедровые орехи) жарты килосын қабығымен қоса ұнтақтап, үстіне 0,5 литр арақ құю керек. Оны 3 апта тұндырып, 2 ас қасықтан күніне 3 рет астан бұрын ішіп жүру керек. Артынша жарты стакан су ішсе жақсы.

 

Мажыраның (сабельник) ас қасығын бір стакан қайнаған суға салып, бір сағат тұндырасыз. Сүзіп алып, үшке бөліп, таңертең, түсте және кешке тамақ арасында ішу керек. Тұнба әр күні жаңадан әзірленуі тиіс.

 

Қатерлі ісіктің өсуін тежеуге қайың саңырауқұлағы  көмектеседі екен. Аскөктің ұрығы, түйебұршақ (донник), cоя дәні де сеп дейді.

 

Гепатит

 

Өмір салты, тамақтану тәртібі, қабылданған дәрі-дәрмектердің жанама әсері, басқа да себептермен бауырға түсетін салмақ көп. Ол ізсіз кетпейді. Әсіресе С гепатиті бауырға үлкен зиян әкеледі. Ал бауырға әрдайым күтім керек. Дәрігер бұл жөніндегі тәжірибесімен де бөлісіпті.

 

Инфекциялық сары ауру кезінде 1 стакан жаңа піскен ыстық сүтке осынша қайнаған су, құлмақ өркені (побеги хмеля) шырынының 2 ас қасығын араластырады. Оны жылы күйінде күні бойы ұрттап ішіп жүру арқылы тауысу керек. 10-12 күн жаңадан әзірлей отырып жасаған жөн.

 

Бауыр қабынуында жарты литр сүтке 1 литр сыра араластырып, ас алдында1 стаканнан ішіп жүрсе пайдалы.

 

Созылмалы сары ауру асқынып, циррозға ұласу қаупі туындаған жағдайда мынадай ем қолдануға болады: 3 кило арпаны суға бір рет қана шайып алып, үстіне 6 литр су құю керек. Оны 2 сағат тұндырып, сосын баяу отта 1 литр қалғанша қайнатады. Суыған соң сүзіп алып, күніне үш рет астан 1 сағат бұрын стаканның 4/1 бөлігіндей мөлшерде ішу ұсынылады.

 

Доктор Гришконың бұдан басқа да ел ішінде көп кездесетін сырқат түрлеріне қарсы ұсынатын ем түрлері бар екен. Оның өзінен кеңес алып, ғаламтордағы рецепттерін қолдану арқылы айығып, алғыс айтқандар да жетерлік. Дегенмен де біз жоғарыда аталған ем шарасын емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіп жасаңыздар демекпіз.

 

Р. САҒАТҚЫЗЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ