Қорқыныштың денсаулыққа зияны көп

22.05.2018
Қаралды: 278

Қорқыныш сезімі әр адамға таныс. Әсіресе қазіргідей қым-қуыт кезеңде адам әйтеуір бір нәрседен қорқып, уайымдап жүреді. Біреулер өлімнен, жалғыз қалудан, белгісіз­діктен, сатқындықтан, енді біреулер қараңғы жерден, тұйықталған қуыстан, биіктен, тереңнен қорқады.

 

 

Қорқыныштар негізінен бала кезде басталады, уақытында жойылмаса, жас ұлғая келе фобияға ұласады. Тек адамдар әрқалай: бірі өзін ұстай білсе, енді бірі қорқынышқа беріліп, мазасы кетеді. Ал мұның бәрі адамның психологиясының беріктігіне, жүйке жүйесі ерекшелігіне, оның жеке қасиеттеріне байланысты. Қалай болғанда да қорқыныш әр адамға таныс нәрсе, оның денсаулыққа кері әсері бары да рас.

 

Қорқыныш жүрек-қан тамырлары жүйесінің, бүйрекүсті безінің жұмысына, репродуктивті жүйеге, иммунитетке әсер етеді. Ол үрей сезімін тудыра отырып, бүйрекүсті бездерінің гормондары бөлінуіне әсер етеді. Мысалы, зат алмасуын, жүрек жұмысын жақсартатын, сонымен қоса перифериялық (шеткі) тамырларды тарылтып, иммунитетті төмендететін кортизол гормонының бөлінуін тездетеді.

 

Бұдан бактериялық, вирустық жұқпаға бейімдік, аутоиммундық бұзылыстар, онкологиялық аурулар туындайды.

 

Созылмалы стресс қант диабетіне, асқазан және ішек жарасына, орталық жүйке жүйесінің дегенеративтің кеселдеріне (жаңғалақтық, артериялық гипертензия, жүрек жетіспеушілігі, астениялық-неврологиялық синдром, т.б.) және психикалық ауытқуларға (шизофрения, невроз, т.б.) соқтыруы мүмкін.

 

Қысқасы, үнемі қорқыныш мазаласа, оған көндігіп жүре бермей, серпілуге тырысу керек. Болмаса, уақыт өткізбей, дәрігерге көрінген дұрыс.

 

К. БЕРЕНҚҰЛ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ