14.04.2020
Қаралды: 70

Шымкентте құрылыс қарқыны төмендемейді

Төтенше жағдай кезінде шымкенттегі құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Карантин жұмысқа қолбайлау болмауы керек. Барлық мүмкіндікті қарастыра отырып, жұмысты жүйелеген жөн. Қайта осындай сәтте өзге өңірлерден келіп, үйінде бос жатқан қолынан іс келетін мамандарды көптеп еңбекке тарту жағын қарастырған дұрыс. Дегенмен, азаматтардың қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс.

14.04.2020
Қаралды: 104

100-ге жуық әскери міндеттілер қызметке кірісті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Жарлық шығарған болатын. Президенттің бұл бастамасын шымкенттік жастар да шынайы қолдап, ел үшін тер төгуге белдерін бекем буып отыр.

14.04.2020
Қаралды: 90

Шымкентте екінші адам коронавирустан көз жұмды

Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған бір науқас көз жұмды. Ол 1962 жылы туылған Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Рабат ауылының тұрғыны. 

14.04.2020
Қаралды: 95

Шымкент: Қала аумағында жауын-шашын салдары жойылды

Шымкентте екі күн қатарынан толассыз жауған жауын суы бірқатар аулаларға кірген. Сәуірдің 12-13 күндері төтенше жағдайлар қызметіне Қаратау және Абай аудандарының аумағынан өрт сөндіру және құтқару бөлімшелеріна екі рет шақырту келіп түскен. Құтқарушылар мекенжай бойынша барып, көше бойындағы бірқатар үйлердің аулаларын жауын суынан тазалау жұмыстарын атқарды.

14.04.2020
Қаралды: 111

Темекіге ақша сұраған

Кешегі күннен бастап толық карантинге жабылған Павлодар облысында айтуға аса ыңғайсыз жағдай орын алды. Қаланың кіреберісіндегі блок-бекетте тұрған арнайы жасақ сарбазы жүк көлігінің жүргізушісінен темекіге ақша сұраған. Оның «от души» деп темекілік тиын дәметкен сәті видеоға түсіп қалған екен. Ел ішіне тез тарап кеткен осы жазба сұраншақ сарбаздың жұмыстан қуылуына себеп болды.

14.04.2020
Қаралды: 108

Шымкентте коммуналдық қызметтердің тарифі төмендеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23-наурызда төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызмет түрлерінің тарифін төмендетуді тапсырған. Осыған орай, 2020 жылдың 1-сәуірінен бастап Шымкент қаласында коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендетілген. Бұл туралы қалалық табиғи монополияларды реттеу департаменті мәлім етті.

14.04.2020
Қаралды: 128

Дәрігерлер арасында коронавирус жұқтырғандар неге көбейіп кетті?

Елімізде коронавирус індетімен күресіп жатқан медициналық қызметкерлеріміздің де арасында бұл індетті жұқтырып алғандар көбею үстінде. Осы орайда ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова аталмыш оқиғалар неліктен жиілеп кеткені жайлы онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында баяндап берді.

14.04.2020
Қаралды: 66

Оқушылар жазғы демалысқа 25-мамырда шығатын болды

Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, биыл Қазақстандық оқушылар әдеттегідей 25-мамыр күні жазғы демалысқа шығады. Ал оған дейін 4-8-мамыр аралығында бөлім бойынша жиынтық бағалау өтетін болса, 18-22-мамыр аралығында тоқсандық жиынтық бағалау болады.

13.04.2020
Қаралды: 109

Түркістан облысында 6 адамдық отбасы коронавирус жұқтырды

Түркістан облысында тағы бір отбасы тұтастай коронавирус жұқтырғаны анықталды. Індетке тап болғандардың ің кішісінің жасы 10-да, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

13.04.2020
Қаралды: 150

Қазақ қызы Түркиядағы қазіргі жағдайды сипаттап берді

Қазір әлемнің қай бұрышын алсақ та, көзге көрінбес вируспен күрес жүріп жатыр. Аты да, заты да жаман індет шартарапты шарлап кетті. Коронавирустың қақпанына Түркия да ілікті. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұқбат берген саяси және әскери журналист, былтыр "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы атанған Назгүл Кенжетай түрік елінің қазіргі жағдайы мен қауіпті аурудың адамға әсері туралы әңгімеледі.

11.04.2020
Қаралды: 162

42500 теңге 600 мыңнан астам адамға тағайындалды

616 мыңға жуық қазақстандыққа табысынан айырылуына байланысты 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

10.04.2020
Қаралды: 130

Қызылордада коронавирус жұқтырған жүкті әйел босанды

Вице-министрдің айтуынша, жаңа туған сәбиден де коронавирусқа анализ алынған, баланың жағдайы қанағаттанарлық.